Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет9/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239
диффузия 
құбылысы
жатады.
Диффузия
деп бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшек-
терінің араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласып таралуын айтады.
Диффузияның жылдамдығы заттардың 
агрегаттық күйлеріне
тәуел-
ді өзгеріп отырады. Расында да, диффузия қатты денелерде, сұйықтарда 
және газдарда әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Қатты денелерде диффу-
зия тым баяу жүреді. Ал газдағы диффузия сұйықтағы диффузиядан 
бірнеше есе артық жылдамдықпен өтеді. Расында да, қант пен тұздың 
суда еруін едәуір уақыт тосатын болсақ, әтір немесе бензиннің иісі бөлме 
ішіндегі ауаға әп-сәтте тарайды.
4. 
Диффузияның жылдамдығы заттардың 
агрегаттық күйлеріне
ғана емес, 
температурасына
да тәуелді өзгереді. Расында да, қант не-
месе тұз салқын суға қарағанда ыстық суда тез ериді. Тұзды тез сіңіртіп, 
қиярды немесе қызанақты ұзағырақ сақтау үшін оларды қайнаған 
тұзды суға салады. Әртүрлі металдардың түйісетін жапсарын балқу 
температурасына дейін қыздырғанда олар бір-бірімен ажырамастай бо-
лып бірігіп қалады. Мұның бәрі температура өскен са йын диффузия 
құбылысы қарқындылығының артқандығын көрсетеді. Өйткені заттың 
бойындағы 
жылу мөлшері
мен сол заттың молекулаларының 
қозғалыс 
жылдамдықтары
арасында тығыз байланыс бар. Температура артқан 
са йын молекулалардың да жылдамдығы еселеп арта түседі. Сондықтан 
температурасы жоғары ортада әртүрлі заттардың молекулалары бір-бірі-
нің арасына жылдам өтеді.
5. 
Қатты денелердің атомдары тым тығыз орналасқандықтан ондай 
ортада диффузия өте баяу өтеді. Мысалы, металдар кристалл денелер 
болып табылады. Кристалдық денелер 
поликристалды
(сурет 1.2, 
а

және 
монокристалды
(сурет 1.2, 
ә
) денелерге бөлінеді. Металдардың 
бөлшектері кристалдық тордың түйіндерінде үздіксіз тербелістер жа-
сап қозғалады. Кристалдық торлардың барлық түйіндерінде атом-
дар орналасқан болса, онда мұндай кристалдарда бөгде бөлшектердің 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


8
енуіне орын қалмайды да, диффузия байқалмайды. Ал кристалдық 
торлардың кейбір түйіндері бос болса, ондай ақауы бар кристалдарға 
бөгде бөлшектер ене алады да, диффузия құбылысы жүреді. 
Ақауы бар қатты денелерге 
поликристалдық
(сурет 1.2, 
а 
және
сурет 1.3) денелер мысал бола алады. Поликристалдың құрамындағы 
дәнек
деп аталатын жеке-жеке бағдарланған микрокристалдардың бір-
біріне жанас қан шегараларында ақаулар (бос орындар) мейлінше көп 
болады. Ондай бос орындарға басқа заттардың атомдары мен молеку-
лалары өте алады.
Ал ақаулары аз бір бағытта ғана бағ-
дарланған таза 
монокристалда 
(сурет 1.2, 
ә)
 
диффузия құбылысы байқалмайды. Моно- 
кристалдардың мұндай қасиеттері көптеген
аса маңызды техникалық қондырғылар жа-
сау үшін қолданылады. Сондықтан моно- 
кристалдық материалдарды жасауға да жә- 
не оларды «өсіріп» шығаратын технология-
ларға да үлкен мән беріледі. 
6. 
Диффузияның зор пайдасымен қоса, зияны да жетерлік. Пайда-
сына келер болсақ, диффузия тіршілік иелерінің өмірінде айрықша 
рөл атқарады. Мысалы: оттек (О
2
) диффузия арқылы өкпеге өтіп, адам 
ағзасындағы барлық мүшелерін сауықтырады. Ал зиянды өнім болып 
табылатын көмірқышқыл газы (СО
2
), керісінше, диффузия жәрдемімен 
ағзалардан сыртқа шығарылады. Тағамдардағы қоректік заттар мен 
дәрумендер диффузия арқылы адамдар мен жануарлар ағзасындағы 
жасушаларға жеткізіледі, ал зиянды қалдықтар мен өнімдер сыртқа 
шығарылады. Өсімдіктердің өз тамырлары немесе жапырақтары арқылы 
қорек алулары да диффузия құбылысына негізделген. Диффузия арқылы 
Сурет 1.2:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет