Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет12/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239
§2.
 
ТЕМПЕРАТУРА. ТЕМПЕРАТУРАНЫ ӨЛШЕУ
ТӘСІЛДЕРІ. ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ ШКАЛАЛАР
1.
Бізге бала кезімізден 
«жылы», «суық», «ыстық», «температура»,
«термометр» 
деген
 
сөздер таныс. Ауырып қалған баланың анасы оның
маңдайына алақанын төсеп, бетінен сүйіп, «ыстығың көтерілген екен»
деп айтады. Немесе термометрмен баласының қызуын өлшеп, «темпера-
тураң біраз жоғарылапты» дейді. Екі жағдайда да 
ыстықтау
дене мен 
салқынырақ 
денелердің арасында 
жылу алмасу
 
орын тебеді. Бірінші 
жағдайда ыстығы жоғары баланың маңдайынан біраз жылу ананың 
салқынырақ алақанына өтеді, оны баланың да, ананың да сезім мүшелері 
айғақтайды. Екінші жағдайда сезімтал ана алақанының рөлін 
термометр
атқарады. Бұл жағдайда да қызуы жоғары баланың жылуы салқынырақ 
термометрге беріліп, оның ішіндегі сұйықтың көлемі ұлғаяды; сөйтіп, 
термометр шкаласының көрсеткіші жоғарылайды. Міне, осындай дене-
лер туралы олар жылу берілу нәтижесінде 
жылумен
немесе 
энергиямен
алмасады деп айтады.
Жылуды алатын дененің температурасына қарағанда, жылуды беретін 
дененің температурасы жоғарырақ болады. Жылу алмасу барысында екі 
дененің де 
көлемі 
(V), 
қысымы
(p), 
температурасы
(Т) өзгереді.
2. 
Сонымен, жылулық құбылыстарды сипаттайтын негізгі физикалық 
шамалардың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет