Негізгі бөлім
Жалпы эмоцияның қалыптасуын авторлар
жан-жақты қарастырып келе жатыр. Алғаш 1872
жылы эмоция жайлы пікірді айтқан ғалымдардың
бірі – Чарльз Дарвин, оның бақылауы бойынша:
қорқыныш, ренжу және бақыт эмоцияларының
бет әлпетте көрінуі практикалық түрде жеке де,
әлеуметтік тұрғыда әмбебап болып табылады.
Күрделі әлеуметтік ортада, әлеуметтік жүріс-
тұрыс сияқты бет әлпетіндегі эмоцияларды
білдіру де соншалықты маңызды болып келеді
(Гриндель О.М., 1985: 31) .
Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің
пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануардың
қаһары жауын қорқыту үшін керек немесе
олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың
бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің
нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы
(Ч. Дарвин). Мысалы, алақанның қорқыныштан
дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тек
-
тес бабаларымызға қауіп-қатер төнгенде ағаш
бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген.
Кейін бұл теорияның Э. Клапаред жалғастырды,
ол: «қандай да бір сезімнің туындауы – адамның
кезіккен жағдайға икемделе алмауынан, егер
адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай
қорқыныш сезіміне түспейді» – деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезімді
табиғаттың адамның ақыл-ой мүмкіндіктерімен
байланыстырады.
Эмоцияның физиологиялық теориясы жай
-
лы зерттеген авторлардың бірі Уильям Джеймс
«Эмоция деген не?» деген сұраққа жауап берген.
Джеймстің айтуы бойынша, арнайы физикалық
күй түрлі эмоцияны сипаттайды (қызығушылық,
таңдану, қорқыныш, өшу, толқу. Адам ми
-
ында кері байланыс жүйесін сипаттап, олар
эмоциялық уайымның сәйкес модалдығын ту
-
ындатады. Соған қарамастан, барлығымыз
эмоция деген не? – дегенде, ғылыми тұрғыдан
нақты жауап беруге қиналып жатамыз. Б. Райм
зерттеуі бойынша, «эмоция – жекеленген нақты
мәселелерді шешу үшін жарамсыз» (Райм 1884),
– деп, эмоцияның дағдарыс күйін зерттеу жай
-
лы біршама шешімге келді (Александров Ю.И.,
2014: 444).
Сәйкес денелік өзгеріс эмоцияның орга-
ни калық көрінісі деп аталады. Осы органика-
лық өзгеріс Джеймс-Ланге бойынша эмоция-
ның
алғышарттары
болып
табылады.
К. Лан ге пайымдаған теория бойынша: ми
қабы ғы фи зио логиялық ағзадағы өзгеріс ту
-
ралы ақпарат алғанда, сонымен бірге ішкі
ырық сыз жүрек толғаныстарынан болатын
адам ның кейіп өзгерістерінен, эмоцияның
саналы тәжірибесі сезімдік күй пайда бо
-
лады. Осы өзгерістерден туындайтын адам
әсерлерінің бәрі – эмоциялық күйді танытады,
яғни У.
Джеймстің пайымдағанындай, «біздің
қайғы руы мыз жылағанымыздан, қорқуымыз
қалтырауымыздан, қуанғанымыз күлгенімізден»
(У. Джемс). Сонымен, эмоция салдарынан
болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер
ғалымдардың ойынша, сезімдер себебіне ауы
-
сады. Осы эмоциялардың ырықты реттелуінің
түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды
эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет
болмаған қасірет сезімін басуға болады.
ISSN 1563-0307 The Journal of Psychology & Sociology.
№4 (63). 2017
7
Борбасова Г.Н. және т.б.
Джемс-Ланге тұжырымы бірнеше қарсы
көзқарастарды туындатты деуімізге болады.
Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге
байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас,
сондықтан олар адамның сан алуан эмоциялық
қасиеттеріне сай келе бермейді.
Каннон-Бард өзінің ғылыми еңбектерінде
(1929) «Эмоциялық реакциялар гипоталамус
пен таламус жұмысының тұтастығын қажет
етеді», – деп қарастырған, яғни ми қызметінің
жұмысына мән берген десек болады (Симонов
В.П., 2013:115).
Линдес-Хэбтің белсенділік теориясына
сүйенсек, эмоциялы жағдай ми қыртысының
төменгі бөлігіндегі торлы түзіліс нәтижесінде
анықталады. Эмоция орталық жүйке жүйесіндегі
сәйкес құрылымдардың жаңаруы және бұзылысы
нәтижесінде туындайды. Белсенділік теориясы
келесі жағдайларға негізделеді:
– Эмоция кезінде туындайтын мидың элек-
троэнцефалографиялық суреті торлы түзіліс іс-
әрекетінің «белсенділік жүйесі» көрінісімен бай
-
ланысты.
– Торлы түзіліс жұмысы эмоциялы жағдайдың
динамикалық параметрлерін анықтайды, мыса
-
лы, күшін, ұзақтығын, өзгермелілігін және тағы
да басқа.
Шахтер-Сингердің: «Эмоцияның екі фак
-
торлы теориясы» бойынша: сезім – ол ретсіз
перифериялық сигналдардың когнитивті аудары
-
луы, 1960 жылдары Шахтер «ми қабығы фактілі
түрде барлық эмоцияның тууына қатысады, ол
перифериядан келетін біркелкі емес сигналдар
тәрізді түрде орындалады», – деген. Осы қыртыс
сигналдарға байланысты адам күткен немесе
әлеуметтік қоғамға танымдық жауап қайтарады.
Эмоция мәселесін сонымен қатар, «Гипоталамус
пен таламустың қатысуымен болатын эмоция
шеберінің теориясын» ми құрылымының қандай
да қызметімен байланыстырған америкалық
ғалым Дж Пэйпец (1937) болды (Sheppes, G.,
2013: 210).
Л. Фестингердің «Когнитивті диссонанс тео
-
риясы» бойынша адам бір нысан жөнінде біріне-
бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында
таңдау өте алмай, күйзеліс эмоциясына түседі,
яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен
жағымсыз сезім пайда болады. Танымдық дис
-
сонанс кезіндегі субъективті күй адам үшін
жағымсыз күй алып келіп, бұл күйден тезірек
арылғысы келеді. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі
мен көзделген ниеті өзара сәйкес келсе, адамда
жағымды сезім туады. Адамның күтілімдерінің
орындалуы, яғни ойлаған іс-әрекеті жүзеге
асқанда танымдық елестер өмірге айнала
-
ды, яғни нақты іс-әрекет нәтижесі мақсатқа
сәйкес келгенде консонаста болады. Танымдық
үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:
1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту;
2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа
жолдарын іздестіру.
Сонымен, когнитивтік теория адамның
сезімдік кейпін, оның әрекет, қылықтарының
негізгі себепшісі ретінде қарастырады. Сонымен
қатар, С. Шехтер (1950) ұсынған «Танымдық
– физиологиялық теория» концепциясына сай
эмоциялы процеске адамның түрткілері мен есте
өз үлесін қосатындығын дәлелдеуге тырысқан,
қабылданатын тітіркендіргіш, соның әсерінен
болған денелік өзгерістерден туындаған эмо-
циялық күйге, адамның өткен тәжірибесі
және өзі үшін өзекті қызығушылықтар мен
қажеттіліктеріне әсер етеді. Эмоцияның таным-
дық теориясының жанама дәлелі адам уайым
-
дарына сөздік нұсқаудың әсері, сонымен қатар
туындаған жағдайға сай адам бағалауының
өзгерісі болатыны анықталған. Адамдарға «дәрі»
ретінде түрлі нұсқаулары бар физиологиялық
сұйықтық ұсынған, бірінші зерттелушілерге бұл
дәрінің «эйфория» күйін, екінші зерттелушілерге
«ашу» сезімін тудыратындығын айтты. Соған
сай дәрілерді қабылдаған соң, біраз уақыттан соң
зерттелушілерден қандай сезімде екендіктерін
сұрағанда, нұсқау бойынша күтілген нәтижелер
алынған. Жаңашыл психологияда танымдық
диссонанс теориясы адамның түрлі әлеуметтік
жағдайдағы әрекеті мен қылықтарын түсіндіруде
қолданылады (Кустубаева А.М.2008: 236). Эмо
-
ция – негізгі әрекеттер мен қылықтарға сай
түрткі негізінің сипатында қаралады. Адам
жүріс-тұрыс детерминациясында органикалық
өзгерістерге қарағанда, танымдық факторлар
негізіне мән беріледі.
Физиолог П.В. Симонов эмоция туындауы
мен сипатын әсер етуші факторларды қысқа
символдық белгілер арқылы көрсетуге тыры
-
сты. Жалпы формада эмоцияның туындауы мы
-
нандай құрылымдық формада өтеді: Э= F – П
(Ин – Ис) , Э – эмоция, оның күші, белгісі мен
сапасы; П – өзекті қажеттіліктің күші мен сапа
-
сы; (Ин – Ис) – бұрын қамтылған жеке тәжірибе
және филогенетикалық негіздегі қажеттіліктерді
қанағаттандыру
ықтималдылығы,
Ин
–
қажеттілікті қанағаттандыруға тиісті ақпарат;
Ис – субьектінің нақты уақыттағы ақпарат
тәсілі. П.В. Симонов ұсынған формула (оның
концепциясы танымдық деңгей деп саналып,
арнайы ақпараттық деген атаққа ие болды),
Хабаршы. Психология және социология сериясы. №4 (63). 2017
8
Эмоция механизмінің психофизиологиялық теориялары
адамда туындаған күш және сапа эмоциясы,
қалыптасқан жағдайдағы бағалау қабілеттерін
қанағаттандыру және қажеттілік күшімен
анықталады ().
П.В. Симонов (1981) анықтауы бойынша:
эмоция – индивидқа әсер субъектісінің құбылысы
мен жағдайының (қуаныш, қорқыныш, көңіл толу
және т.б.) мәнді әрекетінің жанама субъективті
уайым көрініс формасы, ол қажеттілік және
мотивтермен байланысты ерекше психикалық
процесс пен күй. Бұл түсінікте эмоция адамның
кез келген өмірлік белсенділігін алып жүретін,
қажеттіліктерді өтеуге бағытталған, адамның
ішкі психикалық іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын
реттейтін негізгі механизм. Эмоция – адамның
толықтай іс-әрекеті, физикалық көңіл-күйі
мен танымдық процестеріне тиімді әсер етеді.
Сондықтан эмоцияны зерттеу үлкен ғылыми
және тәжірбиелік негізге ие. П.В. Симонов
эмоцияның бірнеше түрлерін қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |