заведующая кафедрой иностранной филологии и переводческого дела, к.ф.н., доцент ҚИНАЛҒАНҒА ҚОЛ ҰШЫН БЕРУ – МІНДЕТІМІЗ Əр адамның өзінің жеке өміріне толық билік етуге, жас еліміздің əрбір азаматы əр түрлі əлеуметтік психологиялық көмек алуға құқылы екенін бəріміз білеміз. Соны- мен бірге, егер біздің əлеуметтік мəселелеріміздің нақты шешімі табылып жатса да, оның психологиялық құлқы əрдайым жүзеге аса бермейді. Осылай айтуға мынадай се- бептер бар. Қазіргі кезде елімізде əлеу-
меттік салаға көп қаржы
бөлініп жатыр. Мысалға ала-
тын болсақ, Елбасымыздың
Жолдауында 2016 жылдың
шілдесінен бастап əлеуметтік
салаларда қызмет ететін аза-
маттардың жалақысы 40 % ға
өсілуі күтілуде. Демография-
ны көтеру мақсатында бала
тууына байланысты төлема-
қылардың мөлшері көбеюде,
мүгедектердің өмірін жақсар-
туға бағытталған бағдарла-
малар қабылдануда. Бірақ та
осы бағдарламалар қабыл-
данса да, көбінесе адамдар-
дың материалдық жағдайына
көп көңіл бөлінеді де, психо-
логиялық мəселелері артта
қалып жатады.
Алайда, облысымыз əлеу-
меттік көмек көрсетумен то-
лық қамтылмаған. Кейбір
адамдар өз құқығын біле бер-
мейді жəне осындай жағдай-
да кімге, қайда жүгінерін біл-
мей дал болады. Сондықтан
оқытушысыз С.К.Ксембаева-
ның жетекшілігімен біздің топ,
С. Торайғыров атындағы Пав-
лодар мемлекеттік универ-
ситетінің сайтында «Жарқын
əлем» атты əлеуметтік-психо-
логиялық мəселелер жөнінде
студенттік-волонтерлік фо-
румды жəне кафедра дең-
гейінде орталық ашпақпыз.
Біздің форум психологтар,
əлеуметтік қызметкерлердің
жеке кабинетіне кіруге қысы-
латындарға немесе белгілі
бір жағдаяттарға байланысты
келе алмайтындарға арнал-
мақ. Ал, форум парақшасын-
да туындаған мəселелер ту-
ралы қызықты материалдар
сайтта жарияланып, олардың
кəсіби шешімдерін, жолдарын
табуға тырысамыз.
Біз Психология жəне педа-
гогика кафедрасының тəжі-
рибелі де білікті ұстаздарын
шақыртып, қаланың ең үздік
мамандарымен бірігіп жұмыс
жасауды жоспарлап отыр-
мыз. Жас адамдардың (əрине
жас ерекшелігіне шектеу жоқ)
өздерін толғандыратын мəсе-
лелер бойынша сұрақтарын
қойып, оларға жауап алуын
қалар едік. Біз форумда мə-
селелерді шешуге кеңестер
беруге əрдайым дайынбыз.
Көмегімізді қажет ететіндер-
ге білікті дəрежеде қол ұшын
бергіміз келеді. Өздерінің
ішкі ойларымен бөлісіп, өз
жағдайларын жарқын жаққа
бұрғысы келетін адамдарға
есігіміз ашық.
Біздің студенттік волон-
терлік
орталығымыздың
басты мақсаты – əлеуметтік
қорғалмаған халыққа рухани
жəне моральді көмек көрсету,
оларды өмір жолының қиын-
шылықтарына дес бермей, өз
бетінше оларды шеше ала-
тын жағдайға жеткізу.
Раушан Бабық,