«Білім +» атты Жобаның құрастырушы мен үйлесті- руші: С.Торайғыров атындағы
ПМУ-дың этнос аралық жəне
конфессияаралық үрдістерді
зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығы.
Жуырда іске қосылған «Білім+»
жобасының аясында 2014 жыл-
дың 19-шы ақпанында С. Торай-
ғыров атындағы Павлодар мем-
лекеттік университетінде «Қазақ
тілі» кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., профессор А.Ф.Зейнулина
студенттерге «Рухани қауіпсіздік
мəселесіндегі қазақ халқының
салт-дəстүрінің рөлі жəне мағы-
насы» тақырыбында дəріс оқыды.
Аталмыш дəріс жастарға қазақ
халқының салт-дəстүрлерін наси-
хаттауды жəне студенттердің діни
сауаттылығын арттыруды мақсат
тұтты.
Ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнули-
на өз сөзінде: «Ұлттық салт-дəс-
түр – болашақтағы имандылықтың
кепілі, дін діңгегі», – деді. Дəріс
барысында көптен бері ұмытылып
кеткен салт-дəстүрлер түрлері
айтылды. Солардың қатарын-
да ежелгі əдет-ғұрыптардың бірі
«бəсіре», «босаға байлау», «бал
басы», «дəмету» секілді тағы бас-
қа өмірлік мəні бар дəстүрлер бар.
Қазақтардың салт-дəстүрі, əдет-
ғұрпы, жалпы дүниетанымы жəне
ділі радикалдық діни ағымдардың
талаптарына қайшы келеді. Мыса-
лы, «қыз ұзату», «бет ашар», «құда
түсу», «шілдехана», «тұсау кесу»
секілді ұлттық дəстүрлердің тари-
хы тереңде жатыр. Бұлар біздің
күнделікті өміріміздің бір бөлшегі
десем қате айтпаспын.
Тағы айта кететін жəйт, дəрісті
тыңдап отырып əлем халықта-
рының «киім кию» үлгісі туралы
көп мағұлматқа кенелдік. Солар-
дың бірі: үндіс халқының əлі күнге
дейін күнделікті киім кию үлгісін
сақтап қалуы. Оның ішінде, ең бір
таң қалдырған мысал, бізде ерлі
зайыптылар өздерінің махабба-
тының мəңгілік екенін білдіретін
сақинаны саусағына тағып жүру
арқылы көрсетсе, ал үндістер са-
қинаны мойындарына тағып жү-
реді екен.
Сондай-ақ,
араб-парсы
əлемінің тарихы, ұлттық жəне мə-
дени үлгісі саналатын «хиджаб»
неге екені белгісіз қазақ қызда-
рының күнделікті киіміне айналып
кетті. Арабтардың ұлттық киімі
біздің дəстүрімізге, тарихымыз-
ға жат емес пе? – деп ойланып
қаласың. Осыдан жастарымыз
«хиджаб» киген адамды мұсыл-
ман, ал зайырлы киінген адамды
мұсылман емес деп ойлап қалуы
да мүмкін.
Бірақ, мұсылман əйел болу үшін
тұмшаланып «хиджаб» кию ша-
риғат бойынша шарт емес. Міне
сондықтан да, болашақта кейінгі
жас ұрпақтың санасына өзге елдің
салт-дəстүрі сіңісіп кетпес үшін,
қазіргі қолға алынып отырған
«Білім+» жобасының берері мол
болатынына сенімім зор. Елбасы-
мыз Н.Ə. Назарбаевтың: «Бола-
шақ бүгіннен басталады», деген
сөзі жас ұрпақтың қазірден бастап
болашаққа айқын бағдар жасай
алуына сеп болатыны анық.
Біз секілді студент жастар үшін,
білімді де, білікті мамандардан
дəріс тыңдау үлгі-өнеге. Болашақ-
та да, осындай дəрістерге қаты-
сып, өз ой-пікірлерін танытатын,
дəріс арасында «диалог» орната
білетін студенттер көбейетініне
мен сенемін.
Әділет Мейірманов,