Сырсандық ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖАРИЯЛАҒАН КЕЗЕҢНЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІНІҢ ФАКТОРЫ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ САУАТТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Президенттің 1997 жылғы «Казахстан-2030 Бар-
лық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
жəне əл-ауқатының артуы» жəне 2012 жылғы «Қа-
зақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемле-
кеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
арнаған Жолдаулары – бұл елдің дамуындағы ұзақ
мерзімді тұжырымдылық жəне стратегиялық бағ-
дарламалық құжат. Бірінші «Қазақстан-2030» тұжы-
рымдылық, стратегиялық бағдарламалық құжатын
жүзеге асыру жəне 2050 жылға дейін мемлекет пен
қоғамның даму келешегі айқындалған «Қазақс-
тан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Жолдауында Ұлт Көшбасшысы
Н.Ə. Назарбаевпен белгіленді. Бүгін де əр қайсымыз
«2030 – Стратегиясы жүзеге асты, қазіргі Қазақстан
құрылды» деп айтамыз. Бұл біздің бірлескен, қажыр-
лы еңбектің нəтижесі, біздің мақсатымыздың жəне
үмітімздің іске асуы… Енді біздің алдымызда жаңа
міндет тұр. Біз ұзақ мерзімге мемлекетіміздің алдағы
даму векторын күшейтуіміз керек».
2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған «Қа-
зақстан-2050» Стратегиясымен Қазақстан тарихын-
да жаңа жаңғыру басталды.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» – бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясында
белгіленген міндеттерді орындау жолындағы бірінші
Жолдау.
Осы Жолдауда еліміздің Президенті Н.Ə. Назар-
баевпен Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің
қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бо-
йынша жеті ұзақмерзімді басымдықтары қойылды.
Бұл – инновациялық индустрияландыру трендін кү-
шейту, агроөнеркəсіп кешенін инновациялық бағыт-
қа түсіру, қазақстандық ғылымының əлеуетін артты-
ру, инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның,
көліктің, энергетиканың қарқынды даму, шағын жəне
орта бизнесті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау,
əлеуметтік қорғау, мемлекеттік институттар жұмы-
сын жетілдіру арқылы адамның əлеуетін дамыту.
Біз дəстүрлі түрде «Жолдаудың – Жолдау ақжол-
тайы» айдарында университет оқытушыларының,
магистранттар мен студенттердің пікірлерін назар-
ларыңызға ұсынамыз.