Инновациялық қызмет және инновациялық жобалардың өмір циклі. Орындаған: Жахия С «Инновациялық қызмет» түсінігі –инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялық қызметпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал. Мысалы енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.
Инновациялық қызмет – жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.
Инновациялық іс-әрекет – бұл өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарлату, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында инновацияларды іздеу және жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет, сондай –ақ, ғылыми зеттеулермен, жаңа өнім шығарумен, еңбек құрал-жабдықтарын жетілдірумен, ғылым мен техника жетістіктерінің арқасында өндірісті ұйымдастыру мен технологиялық процестерді дамытумен, ғылыми-техникалық процесстің дамуын жылдамдатуға және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға негізделген шаралар жүйесін жасап шығаруға бағытталған, басқарудың ұйымдары мен факторларының әртүрлі әдістерінің күрделі жүйесі.
Инновациялық іс-әрекетке келесі жағдайлар кіреді:
- кәсіпорынның проблемаларын айқындау;
- инновациялық процесті жүзеге асыру;
- инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру
Технологиялық инновациялар – бұл ұйымның инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты қызметі. Атап айтқанда, өнеркәсіпте – технологиялық жағынан жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ, өнімдер мен процестердегі технологиялық елеулі жетілдірулер; қызмет көрсету саласында – технологиялық жағынан жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызмет көрсетулер мен қызмет көрсетулердің жаңа тәсілдері.
Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзгеде инновациялық өнімдер.
Инновациялық белсенді кәсіпорындар – кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық- белсенді кәсіпорындар сандарының қатынасы ретінде анықталады.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер – ғылыми білімнің және оларды тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу жиынын көбейту мақсатында жүйелілік негізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми – техникалық әзірлемелер кіреді.
Іргелі зеттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперементтік және теориялық зеттеулер жатады. Олардың нәтижесі – болжамдар, теориялар, әдістер және т.с.с. Іргелі зеттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зеттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылими жариялымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.
Қолданбалы зеттеулер дегеніміз – нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зеттеулер іргелі зеттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан проблемаларды шешудің жаңа әдстерін айтады.
Ғылыми – техникалық әзірлемелерге бар білімге негізделген, зеттеулер мен практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған және жаңа материалдарды, өнімдерді, процесстерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар объектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.
Инновациялық қызметтің белгілері:
Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді.
Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай белгілерге ие болуы тиіс:
- Жаңалығы болуы керек (Интелектуалдық өнім)
Нарық сұранысын қанағаттандыру керек (нарыққа өнім)
- Өндірушіге пайда әкелуі керек
Достарыңызбен бөлісу: |