Ахиллестің өкшесі » (ЕҚ. – 17.11.2012); «
Ахиллесова пята Брэда Питта » (Ком. П. – 05.12.2003), «
Poll: Benghazi is no Achilles heel for Clinton » (TWP – 04.03.2014)), тұтас бір мәдениеттің қазынасы
ретіндегі жеке бір тілде осы ұлтқа, ділге және этномәдениетке ғана
тән тұрақты тіркестер болады.
«
Бесiктен белi шықпай жатып, өмiрден неге түңiледi? » (ЕҚ. –
26.02.2011). «Бесіктен белі шықпай» тұрақты тіркесі орыс тіліндегі
«молоко на губах еще не обсохло» және ағылшын тіліндегі «he is wet
behind the ears» немесе «he is still green» тіркестеріне синоним болып
табылады. Бірақ біздің ұлт үшін «бесік» қарапайым жиһаз түрі емес,
нәрестенің алтын ұясы, кез келген отаудың маңызды бөлшектерінің
бірі болып табылады және оған байланысты қазақ халқында бір топ
салт۔дәстүрлер мен ырымдар бар.
«
Бiлiмнiң