желілерімен тасымалдап жеткізуге де болады, бірақ бұл кезде белгілі бір проблемалар
туындайды.
Сутекті синтетикалық жанармайға жатқызады. Оны − көмірден, мұнайдан, табиғи
газдан немесе жоғарыда тоқталып өттік, суды ыдырату арқылы алуға болады. Қазіргі
уақытта әлемде жылына 20 млн т сутек газы өндіріліп, тұтынуға жіберіледі. Оның
жартысы аммиак пен тыңайтқыш өндірісіне, ал қалған бөлігі мұнайды күкірттен
тазартуға, металлургияда және де т.б өндірістерде жұмсалады. Қазіргі заманауи
экономикада, сутек газы энергетикалық шикізат түрінде ғана емес, химиялық шикізат
ретінде де қолданылуда.
Сутек газының басым бөлігі (80%) химиялық тәсілдермен өндіріледі. Қазіргі күні оны
энергетика саласына қолдану экономикалық тұрғыдан тиімсіз үдеріс, өйткені сутек
газынан алынған энергияның құны, бензинді жаққаннан алынған энергиядан 3,5 есе
қымбатқа түседі екен. Оның үстіне, қазіргі белгілі әдіспен алынған сутектің өзіндік құны
да, мұнай бағасының өсуімен байланысты жоғарылауда.
Бүгінгі таңдағы зерттеушілер, сутек газын суды ыдырату арқылы ірі көлемде
өндірудің технологиялық ұдерістерінің құнын арзандату бағытында көптеген жұмыстар
жүргізуде.
Біз бұл мақалада арзан қарапайым әдіспен, таза сутек газын алуды мақсат етіп қойдық.
Зерттеу нәтижелері, катализатор қатысында алюминий мен суды әрекеттестіру арқылы
сутекті алу мүмкіншіліктерін көрсетті. Айта кету керек, әдетте беті тотықпен қапталған
алюминий сумен әрекеттеспейді, сол себепті бұл тәсіл арқылы сутек газын алу бүгінгі
күнге дейін мүмкін емес деп есептелініп келген.
Достарыңызбен бөлісу: