115
науқасты жеткізді. Хирург жоғарғы трахеостомия жасаймын деп шешті. Операция
барысында қалқанша без мойнағының жоғарғы қыры қалқанша шеміршектің төменгі
қырының деңгейінде орналасқандығы анықталды. Мұндай жағдайда хирург не істеу
керектігін, трахеостомияның қайсы түрін жасау қажеттігін және операцияның сатыларын
атаңыз.
10.
Төменгі
трахеостомия
операцияны
жасалған
науқаста
алдыңғы
көкірекаралық шелмайының флегмонасы пайда болды. Бұл жағдайда іріңнің қайда және
қандай фасциялы – шелмайлық кеңістіктер арқылы таралуы мүмкін екендігін көрсетіңіз.
11.
Нағыз қыспақпен (круп) ауырған балаға жасалған консервативті емдеу
әрекеттері ешқандай нәтиже бермеді. Асфиксия күшейгендіктен, жедел трахеостомия
жасауға шешім қабылданды. Қолданылатын трахеостомия тәсілдерін, осындай кезде қай
тәсіл тиімдірек және себебін түсіндіріңіз. Операцияның негізгі кезеңдерін атаңыз.
12.
Қалқанша безінің сол жақ бөлігін алып тастау операциясынан кейін,
науқастың даусының тембрі бірден өзгерді. Аталған жағдай қай құрылымның
зақымданғанынан және операцияның қай сатысында болуы мүмкіндігін атап көрсетіңіз.
13.
Өңеші балық сүйегінен жарақаттанған науқаста претрахеалды шелмай
кеңістігінде шоғырланған мойынның тереңгі флегмонасы пайда болды. Жәрдем
жасалмаған жағдайда іріңнің таралуы мүмкін жолдарын атаңыз. Аталған ахуалда қандай
қауіпті асқынудың дамуы мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: