39
ІІ. БАСТЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯСЫ
Басқа жасалатын негізгі операциялар
Басқа жасалатын операциялық әрекеттер емдеу мақсатында (қан тоқтату,
декомпрессиялық трепанация, ісіктерді алып тастау т.б) және диагноз қою үшін (ми
қарыншалары
мен
цистерналарына
ине
шаншу,
пневмоэнцефалография,
пневмовентракулография т.б.) жүргізіледі.
Операциялық бөлменің құрылымы мен құрал-жабдықтары
. Басқа жасалатын
операциялық әрекеттердің басым бөлігінің сәтті болуы операциялық әдістерді
техникалық жағынан дұрыс және икемді, әрі кезекті ретін сақтау арқылы іске асыру ғана
емес, сонымен қатар операциялық бөлменің жасалатын емдеу шараларына толық сәйкес
келуі, әрі операциялар жасау барысында жарақат деңгейін барынша азайтуды
қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың болуы өте маңызды. Операциялық бөлмеде жан-
жақта универсалды үстел, рефлекторлық маңдайшам, тереңдік жарықтандыруды
қамтамасыз ететін бірнеше жұмсақ – иілгіш шамдар, электрлі аспиратор, хирургиялық
диатермия аппараттары, ашылған шеткі нервтер мен миға электродиагностика жасау
аппаратуралары және т.б. болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: