Операцияға көрсетілімдер.
Бассүйек іші қысымның жоғарылауы, бассүйек
қуысына қан құйылуы, мидың қатты қабығы тамырларының зақымдануы, мидың ісіктері
т.б.
Науқастың операциялық үстелде орналасуы – арқасына, немесе бір бүйіріне
жатқызу. Науқастың басын арнаулы және биіктігін өзгертуге ыңғайлы, басқа жастайтын
қондырғыда орналастырған жөн. Сонымен қатар, науқастың басы мен денесі бір
деңгейде болуы қажет. Қолдары операциялық үстелге жұмсақ таңғыштармен таңып
бекітіледі. Науқасты операциялық үстелге орналастырғаннан кейін, операциялық шамды
операция жасалатын алаңға өте жақсы жарық қыла алатындай етіп жақындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |