Мидың қатты қабығының веналық синустарынан қан кетуді тоқтату Науқастың операциялық орналасуы-жарақаттың қай аймақта болуына қарай
арқасына, етбетімен немесе сау жағындағы бүйіріне жатқызуға болады. Ауырсындырмау
әдісі – жергілікті инфильтрациялық анестезия(10-сурет).
Операция техникасы . Веналық синустан қан кеткен кезде хирургтың бірінші
қимылы синустың жарақат жерін сол қол саусағымен тез баса қою. Содан соң, жараны
мәрлі салфеткамен құрғатып, жарақаттың дәл орнын анықтайды. Одан кейін жарақат
орнын саусақпен басып тұрып, хирург қысқышпен жара маңайындағы сынған сүйектің
кетігін 5х5 немесе 6х6 см мөлшерінде тез кеңейтеді. Сүйекте мұндай саңылаудың
жасалуы, хирург әрекетінің еркін жалғасуына жағдай туғызады(12-сурет).
Мидың қатты қабығының веналық синустары зақымданғанда мынадай тәсілдер
қолданылады:
1)
кішкене көлемді ұзынша жарақаттарға тігістер салынады;
2)
синус қабырғасының ақауына ми қатты қабығының сыртқы жапырақшасынан
немесе санның жалпақ фасциясынан, сондай-ақ бұлшықет кесіндісінен пластика жасау
(тампонада);