45
анатомиясын және бассүйек пен оның жұмсақ тіндік жамылғысына түсетін
проекцияларын білу дәрежесіне тікелей байланысты.
Бұл мақсатта қолданылатын бірқатар тәсілдер мен проекциялық сызбалар бар.
Олардың ішіндегі ең қарапайымы, әрі қолайлысы Кренлейн-Брюсова сызбасы болып
табылады.
Трепанация (бассүйек қуысын ашу) – бұл миға және оның қабықтарына
хирургиялық әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін операциялық барар жол. Бассүйек
қуысын және ми жартышарларының әртүрлі бөлімдерін ашу екі тәсілмен жүргізіледі:
сүйектік-пластикалық (остеопластикалық) және резекциялық (декомпрессиялық).
І. Сүйектік-пластикалық трепанацияны бассүйекке екі әдіспен жасауға болады: екі
қиындылы Оливекрон әдісі (1) және бір қиындылы Вагнер – Вольф әдісі (2).
1) Оливекрон екі қиындылы әдісі бойынша – біріншісі тері мен апоневрозды
қамтитын жалпақ негізбен жалғасқан, сүйектен сыдырылған тері-шандырлық қиынды,
екіншісі сүйекті тесіп, аралап жасалатын жіңішке бөлек аяқшамен жалғасқан сүйек-
сүйекқаптық қиынды.
2) Вагнер-Вольф әдісі бойынша – барлық қабаттарды бірден қамтитын, таға пішінді
тері-сүйекқаптық аяқшамен жалғасқан тері-сү йекқап-сүйектік қиынды.
ІІ. Резекциялық (декомпрессиялық) трепанация жасағанда – сүйектік қиындыны
алып тастайды да, бассүйек күмбезіндегі тесікті (ақауды) тері –шандырлық қиындымен
немесе синтетикалық материалдардан жасалған басқа жамаумен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: