Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет46/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Парацентез 
Парацентез (грекше сөзден: parakentesis – тесу, тесік жасау; синонимі 
тимпанотомия) – дабыл жарғағын тілу; хирургиялық практикаға ортаңғы құлақтың іріңді 
жіті қабынуында (ортаңғы отит) дабыл қуысынан экссудатты шығару мақсатында 
енгізілген. Парацентезден соң, әдетте құлақтың ауыруы жойылады, температураның 
төмендеуі және науқастың жалпы жағдайының түзелуі байқалады. 
Операцияны, негізінен анестезиясыз жүргізеді. Мазасыз науқастарға рауш-наркоз 
беруге болады. Парацентезді найза пішіндес тік немесе доғал бұрыштап иілген инемен 
жасайды. Дабыл қуысының ішкі қабырғасын жаралаудан аулақ болу үшін инені дабыл 
жарғағына тым терең енгізуге болмайды. Тілуді дұрыс жүргізген жағдайда, әдетте 
асқынулар кездеспейді. Парацентезден кейін есту жолына мәрлілік тығын немесе мақта 
үзімін енгізеді, оны экссудатты сіңіру деңгейіне қарай айырбастап отырады. Құлақтан 
іріңдік сұйықтың шығуы тоқтаған соң жарғақтағы жарақаттың шеттері бітіп кетеді. 
Ортаңғы отитті антибиотиктермен сәтті емдеуге болатындықтан, парацентез сирек 
қолданылатын болды. Кейбір дәрігерлер тіпті парацентездің қажеті жоқ деп есептеп жүр. 
Алайда, мұндай көзқараста негіз жоқ. Парацентез операциясы көрсетілген науқастарға 
оны жасамау, жіті отиттен кейін есту қабілетінің тез және тұрақты төмендеуіне алып 
келуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет