Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Кушинг әдісімен бассүйекке декомпрессиялық трепанация жасау



Pdf көрінісі
бет43/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Кушинг әдісімен бассүйекке декомпрессиялық трепанация жасау. 
Теріні тілуді 
бетсүйек доғасының жоғарғы шетінің орта кезінен бастайды да, қиғаш жоғары бағытта 
және шамалы артқа қарай жүріп, төбе (шеке) сүйектің төмпесі тұсында аяқтайды. 
Бетсүйек доғасының жоғарғы шетінен төмен қарай, ешқашан тілік жасауға болмайды, 
себебі бет нервінің тармақтарын кесіп жіберу қаупі бар. 
Теріні астындағы шелмай қабатымен, одан кейін апоневрозын тіледі, содан соң 
жарақаттың шеттерін екі жақты бағытта сылады. Одан әрі теріге жасалған тіліктің 
сызығымен самай бұлшықетінің фасциясын талшықтарының ұзынша бағытымен тіледі 
де, астындағы сүйек қабығын тіліп, оны распатор көмегімен екі жақты бағытта сүйектен 
ажыратады, соның нәтижесінде самай сүйектің қабыршақ бөлігін 6х6 немесе 7х7см 
көлемінде жалаңаштайды. Аршылған сүйек бөлігінің ортасынан бұрғымен бір тесік 
жасайды, содан кейін сол тесіктен бастап сүйектік қысқышпен самай сүйектің 6х7см 
көлемдегі учаскесін кертіп, резекция жасайды. Трепанациялық саңылау жасалғаннан 
кейін, мидың қатты қабығының бетін мұқият қарайды және оның қысымын саусақпен 
басып тексереді де, айқыш тіліктер жасап қатты қабықты ашады. Кесілген тамырларды 
байлайды немесе клипсалар салады. Ми затының ерекше томпайған кездерінде, 
декомпрессияны жақсарту үшін, мидың қатты қабығына қосымша радиалды тіліктер 
жасауға тура келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет