Құлақ маңы безіне жасалатын операциялық әрекеттер Бұл безге және оның айналасына операциялық әрекеттер жүргізу, оның
топографиялық - анатомиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты қиыншылықтар
туғызады. Бездің өзі көптеген бөлшектерден тұрады. Беткей орналасқан үлкендеу бөлігі,
тар саңылау арқылы тереңдегі бөлігімен жалғасып жатады. Сыртын өте жақсы дамыған
фасция қоршап тұрады және сол фасция безді ұсақ көпсанды бөлшектерге бөледі. Бездің
тереңдегі дәнекер тіндік шұңқыры ішімен бет нерві өтеді, ол бездің беткей және терең
бөлігі арасында тармақтарға бөлінеді(14-сурет).
Құлақ маңы безіне жасалатын барлық операциялар түрінде ең басты мәселе бет
нервін зақымдап алмау, себебі оның зақымдануын ымдау бұлшықеттерінің параличіне,
оның нәтижесінде бет-әлпеттің қисаюына алып келеді. Сондықтан, құлақ маңы безіне
операция жасау тіліктері, бет нервінің басты бөлігіне және оның тармақтарына барынша
зиян келтірмейтін етіп жүргізулуі аса маңызды.