Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет59/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
 
 
 
 
 


59 
 
Бастың клиникалық анатомиясы мен операциялық хирургиясы бойынша 
Тестілік сұрақтар 
1.
Науқастың басында маңдай-шеке-шүйделік аймақта 2х2см көлемінде абсцесс 
анықталды. Бұл қабыну үдерісі қандай қабатта орналасады? 
A)
Тері ішінде 
B)
Тері асты шелмайда* 
C)
Апоневрозаралық шелмайда 
D)
Апоневрозасты шелмайда 
E)
Сүйек қабығы асты шелмайда 
2.
Бастың жарақаттануы нәтижесінде бас бұлшықеттерінің бірі зақымданып, терісімен 
қоса сыдырылған жара пайда болды. Сыдырылған жара құрамындағы қиықта шандырлы 
дулыға (бассүйек үсті апоневроз) бар. Бұл құрылым қай бұлшықеттің құрамына кіреді? 
A)
Самайлық 
B)
Маңдай-шүйделік* 
C)
Шайнау 
D)
Ұрттық 
E)
Латералды-қанат тәрізді 
3.
Зардап шеккен адамда – субарахноидалды қан құйылу анықталды. Мұндай қан 
құйылу мидың қандай қабықтарының арасында кездеседі? 
A)
Қатты және жұмсақ 
B)
Қатты және өрмекті 
C)
Өрмекті және жұмсақ* 
D)
Қатты қабық жапырақшалары
E)
Өрмекті қабық жапырақшалары 
4.
Науқастың басында сол жақ шеке аймағында абсцесс анықталды. Хирург іріңдікті 
кесіп ашуға шешім қабылдады. Бұл жағдайда анатомиялық барынша негізделген және 
мейлінше азырақ жарақаттайтын қандай тілік жасауға болады? 
A)
Көлденең
B)
Ұзынша 
C)
Шекеге радиалды бағытта* 
D)
Құлақ бүртігіне радиалды бағытта 
E)
Доға тәрізді 
5.
Науқаста антротомия операциясынан кейін бет нервінің шеткі параличі анықталды. 
Трепанациялық Шипо үшбұрышының қай шекарасын бұзғанда аталған асқыну кездесуі 
мүмкін? 
A)
Жоғарғы 
B)
Төменгі 
C)
Алдыңғы * 
D)
Артқы 
E)
Артқы –төменгі 


60 
6.
Хирург емізік тәрізді өсіндінің трепанациясын жасау кезінде Шипо үшбұрышының 
артқы шекарасын бұзды. Бұл жағдайда қандай құрылымды зақымдап алуға болады. 
A)
Бет нервін 
B)
Төменгі жақ нервін 
C)
Бассүйектің ортаңғы шұңқырын 
D)
Сигма тәрізді синусты* 
E)
Бассүйектің алдыңғы шұңқырын 
7.
Бассүйектің алдыңғы шұңқырында торлы сүйек арқылы қандай құрылымдар өтеді? 
A)
Көзұясы жоғарғы венасы 
B)
Иіс сезу жіпшелері* 
C)
Алдыңғы торлы нерві 
D)
Артқы торлы нерві 
E)
Шығарушы веналар 
8. Бассүйектің дөңгелек тесігі арқылы не өтеді? 
A)
Жоғарғы жақ нерві* 
B)
Кіші тасты нерв 
C)
Шығарушы вена
D)
Кезбе нерві
E)
Төменгі жақ нерві 
9. Мидың қатты қабығы қандай құрылымның аймағында бассүйектік сүйектермен тығыз 
бекінген? 
A)
Бассүйек күмбезі 
B)
Торлы сүйектің тесікті пластинкасы 
C)
Ылди 
D)
Түрік ершігі аймағында* 
E)
Самай сүйек пирамидасы
10. Төменгі сагиталды веналық синус қандай анатомиялық құрылымға тікелей 
жалғасады? 
A)
Жоғарғы сагиталды синус 
B)
Тік синус* 
C)
Көлденең синус 
D)
Сигма тәрізді синус 
E)
Шүйделік синус 
11. Оң және сол жақ омыртқалық артерияларының қосылуы нәтижесінде қандай артерия 
пайда болады? 
A)
Алдыңғы байланыстырушы артерия 
B)
Ортаңғы милық артерия 
C)
Негіздік (базилярлық) артерия* 
D)
Артқы байланыстырушы артерия 
E)
Ішкі ұйқы артериясы 


61 
12. Кренлейн-Брюсова сызбасына сәйкес алдыңғы төменгі төртбұрыштықта қандай 
анатомиялық құрылым проекцияланады? 
A)
Алдыңғы милық артерия 
B)
Ортаңғы милық артерия 
C)
Латералды жүлге 
D)
Ішкі ұйқы артериясы* 
E)
Ортаңғы ми қабығы артериясы 
13. Емізік тәрізді өсіндінің трепанациясын жасау барысында мидың қатты қабығының 
қайсы синусын зақымдау қаупі бар? 
A)
Сагиталды (жоғарғы) 
B)
Қуысты
C)
Сигма тәрізді* 
D)
Үлкен тасты 
E)
Тік 
14. Мидың қатты қабығының синустарынан қан кету не себептен өз бетімен тоқтамайтын 
ерекшелігі бар? 
A)
Қанның ұю қабілеті төмен болғандықтан 
B)
Синустардың қабырғалары қабыспайды* 
C)
Ликвор қысымы жоғары болғандықтан 
D)
Веналық қысым жоғары болуынан 
E)
Артериялық қысым жоғары болуынан 
15. Бассүйек күмбезі аймағында бас жарақаттанғанда мидың қатты қабығының қайсы 
синусы жиірек зақымдалады? 
A)
Жоғарғы сагиталды* 
B)
Төменгі сагиталды 
C)
Тік 
D)
Көлденең 
E)
Қуысты
16. Бастың сыдырылған жарақаты құрамында қандай тіндер болады? 
A)
Тері және теріасты шелмайы 
B)
Тері, теріасты шелмайы және шандырлы дулыға* 
C)
Сүйек қабығы мен барлық жұмсақ тіндер 
D)
Маңдай-шеке-шүйде аймағы жұмсақ тіндері мен бассүйек күмбезі сүйектерінің 
бөліктері. 
17. Бассүйек күмбезі сүйектері сынғанда сүйектің қай қабаты ең көбірек зақымданады? 
A)
Барлық қабаты 
B)
Сыртқы табақшасы 
C)
Ішкі табақшасы* 
D)
Кемікті заты 
E)
Белгілі бір заңдылық жоқ


62 
18. Бет артериясын саусақпен басатын нүктесі қайда орналасқан? 
A)
Құлақ бүртігінен 1 см төменде 
B)
Көз ұясы төменгі қырының ортасынан 0,5-1 см төменде 
C)
Төменгі жақсүйек бұрышының артында 
D)
Төменгі жақсүйек денесінің ортасы мен шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінде* 
E)
Бетсүйек доғасының ортасынан 1 см төменде 
19. Ми қабығы ортаңғы артериясының жарылып кетуі немен қауіпті? 
A)
Геморрагиялық шокпен 
B)
Ми қатты қабығының қанмен қамтамасыздануының бұзылуымен 
C)
Мидың самай бөлігінің қанмен қамтамасыздануының бұзылуымен 
D)
Мидың маңдай бөлігінің қанмен қамтамасыздануының бұзылуымен 
E)
Эпидуралды гематоманың пайда болуымен* 
20. Үшкіл нервтің І тармағының сезімтал ұштары қай аймақта анықталады? 
A)
Күрек тіс өзегі аймағында 
B)
Айдаршықты өсінді аймағында 
C)
Көзұя үсті кетігі аймағында* 
D)
Иекасты тесік аймағында 
E)
Көзұя асты тесігі аймағында 
21. Үшкіл нервтің ІІ тармағының сезімтал ұштары қай аймақта анықталады? 
A)
Күрек тіс өзегі аймағында 
B)
Айдаршықты өсінді аймағында 
C)
Көзұя үсті кетігі аймағында 
D)
Иекасты тесік аймағында 
E)
Көзұя асты тесігі аймағында* 
22. Үшкіл нервтің ІІІ тармағының сезімтал ұштары қай аймақта анықталады? 
A)
Күрек тіс өзегі аймағында 
B)
Айдаршықты өсінді аймағында 
C)
Көзұя үсті кетігі аймағында 
D)
Иекасты тесік аймағында* 
E)
Көзұя асты тесігі аймағында 
23. Бассүйек күмбезі сүйектері неше қабаттан құралған? 
A)
Бір 
B)
Екі 
C)
Үш* 
D)
Төрт 
E)
Бес 
24. Ми қабығы ортаңғы артериясы қандай артерияның тармағы болып табылады? 
A)
Ішкі ұйқы артериясының 
B)
Жоғарғы жақ артериясының * 
C)
Бет артериясының 


63 
D)
Омыртқа артериясының 
E)
Тіл артериясының 
25. Бассүйек – ми топографиясында бағдарлық қызмет үшін қолданылатын сызба қалай 
аталады? 
A)
Шипо 
B)
Созон-Ярошевич 
C)
Н.И. Пирогов 
D)
Кронлейн-Брюсова* 
26. Құлақ маңы безінің шығарушы түтігінің проекциялық сызығы қалай жүргізіледі? 
A)
Құлақ бүртігінің түбінен ауыз бұрышына дейін 
B)
Көзұяның төменгі қырынан 5 мм төмен және параллелді 
C)
Төменгі жақсүйек бұрышынан ауыз бұрышына дейін 
D)
Құлақ сырғалығынан мұрын желбезегіне дейін* 
27. Ми қабығы ортаңғы артериясы қай тесік арқылы бассүйек ішіне өтеді? 
A)
Соқыр
B)
Жыртық 
C)
Дөңгелек 
D)
Қылқанды* 
E)
Сопақша 
28. Түрік ершігінің екі бүйірін ала қандай веналық синус орналасады? 
A)
Жоғарғы тасты 
B)
Қуысты * 
C)
Төменгі тасты 
D)
Төменгі сагиталды 
E)
Тік 
29. Құлақ маңы безінің шығарушы түтігі қайда ашылады? 
A)
Таңдай доғашықтарының алдында 
B)
Таңдай доғашықтарының арасында 
C)
Ауыз қуысы кіреберісінде * 
D)
Меншікті ауыз қуысында 
E)
Тіл астында 
30. Құлақ маңы безінің ішкі ортасымен қандай қозғалтқыш нерв өтеді? 
A)
Үшкіл 
B)
Құлақ-самай 
C)
Құлақ арты 
D)
Бет* 
E)
Жоғарғы жақ 
31. Бассүйек – ми жарақаты себебінен жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілуде. 
Қайсы қабат зақымданғанда жарақат тесіп өткен деп есептелінеді? 


64 
A)
Мидың өрмекті қабығы 
B)
Мидың қатты қабығы* 
C)
Мидың жұмсақ қабығы 
D)
Бассүйек сүйегінің ішкі табақшасы 
E)
Бассүйек сүйегінің сыртқы табақшасы
32.Нейрохирург маңдай-шеке-шүйделік аймаққа операциялық бару жолында, әуелі тері 
және тері асты шелмай қабатына тілік жасады. Келесі тілік қай қабатқа жасалады? 
A)
Бассүйек үсті апоневрозға* 
B)
Апоневроз асты шелмайға 
C)
Сүйек қабығына 
D)
Сүйекқабық асты шелмайға 
E)
Самай апоневрозына 
33. Жарақаттанған адамда субарахноидалды қан құйылу анықталды. Ми қабықтарының 
қайсысының арасында осындай қан құйылу орналасады? 
A)
Қатты және жұмсақ
B)
Қатты және өрмекті 
C)
Өрмекті және жұмсақ* 
D)
Қатты қабық жапырақшалары 
E)
Өрмекті қабық жапырақшалары 
34. Нейрохирург бұлшықетке қан тоқтату үшін салынған қысқыштар арасынан оны тіліп 
жібереді. 
Бұл жерде тіндерді ажыратудың қандай негізге аларлық принципі бұзылды? 
A)
Қабаттар кезегін сақтау 
B)
Гемостатикалық 
C)
Салыстырмалы аз жарақаттау* 
D)
Асептикалық 
E)
Абластикалық 
35. Операциялық бару жолында нейрохирург апоневрозға тілік жасады. Тілінген 
құрылымның шеттерін көтеру үшін қандай ілмекті кеңіткіштерді қолданған тиімді? 
A)
Біртісті өткір 
B)
Біртісті доғал 
C)
Көптісті өткір* 
D)
Көптісті доғал 
E)
Фарабеф 
36. Операция жасау барысында нейрохирург қырынан иілген Бильрот қысқышын 
қолданды. Бұл құрал қандай әрекетте қолданылады? 
A)
Тіндерді ажырату 
B)
Қан тоқтату* 
C)
Жара шеттерін кеңейту 


65 
D)
Операциялық әдісті орындау 
E)
Тіндерді жалғау 
37. Басқа операция жасау соңында нейрохирург теріге тігістер салды. Оны орындау 
барысында ол инені жараның бір жақ шетінен кіргізіп, қарама-қарсы жақ жара шетінен 
шығарып, жіптің екі ұштарын бір-біріне байлады. Бұл жағдайда хирург қандай тігісті 
қолданды? 
A)
Қарапайым түйінді* 
B)
П- әрпі тәрізді 
C)
Докати 
D)
Мультановский 
E)
Матрастық
38. Нейрохирург бас күмбезі аймағына операция жасау жолында беткей тамырлардан қан 
кетуді тоқтату әрекетін жасады. Бұл жағдайда қан кетуді толық тоқтату мақсатында 
төменде көрсетілген әдістердің қайсысын қолданған жөн? 
A)
Бұлшықет бөлігімен тампонада жасау 
B)
Балауыз жағу 
C)
Сутегі қостотығы 3% ерітіндісімен өңдеу 
D)
Гемостатикалық губкамен тампонада жасау 
E)
Тамырларды байлау немесе электрокоагуляция жасау* 
39. Нейрохирург сол жақ шеке аймағына сүйектік-пластиналық трепанация жасау 
кезінде, магистралды қантамыр-нервтік шоғырды сақтау мақсатында, терілік-
апоневроздық қиық жасады. Бұл қиықты хирург қай жаққа қарай қайыруға тиіс? 
A)
Қиғаш 
B)
Жоғары қарай 
C)
Төмен қарай* 
D)
Медиалды 
E)
Латералды 
40. Нейрохирург Кушинг әдісімен бассүйекке трепанация жасады. Бұл қандай 
трепанация? 
A)
Бірқиықты сүйектік-пластиналық 
B)
Екіқиықты сүйектік-пластиналық 
C)
Бірқиықты резекциялық 
D)
Екіқиықты резекциялық 
E)
Декомпрессиялық, резекциялық * 
41. Хирург маңдай аймағындағы ұзындығы 4 см ұзынша терең жараға тігістер салды. 
Терілік жарақаттың шеттерін жалғау әдістерінің қайсысы бұл жағдайда тиімді болып 
табылады? 
A)
Қапсырма қолдану арқылы 
B)
Пластырь салу 
C)
Мультановский үзіліссіз тігісін салу 
D)
Қарапайым түйінді тігіс салу 


66 
E)
Косметикалық тігіс салу* 
42. Зақымданған веналық синустан қан кетуді тоқтату үшін тампондарды қайда кіргізеді? 
A)
Синустың зақымданған жерінің екі жағынан* 
B)
Тікелей синусқа 
C)
Сүйектің ішкі пластинкасы мен мидың қатты қабығы арасына
D)
Мидың қатты қабығы мен жұмсақ қабығы арасына 
E)
Өрмекті қабық астына 
43. Жоғарғы сагиталды синустың жоғарғы қабырғасының кішкене жарақатын немен 
жабады? 
A)
Бұлшықетпен * 
B)
Шандыр дулығаның пластинкасымен
C)
Мидың қатты қабығынан сыртқы жапырақшасымен 
D)
Мидың қатты қабығынан ішкі жапырақшасымен 
E)
Тамырлық тігіспен
44. Мұрын-еріндік қатпар аймағының фурункулы кезінде инфекция гематогендік жолмен 
мидың қатты қабығының қайсы веноздың синусына өтуі мүмкін? 
A)
Қуысты (кеуекті)* 
B)
Төменгі сагиталды 
C)
Сигма тәрізді 
D)
Үлкен тасты 
E)
Тік 
45. Ми қабығының ортаңғы артериясын байлау үшін бассүйек трепанациясын бастың 
қайсы аймағында жасау қажет? 
A)
Шипо үшбұрышында 
B)
Самай аймағында* 
C)
Маңдай аймағында
D)
Шеке аймағында 
E)
Шүйде аймағында 
46. Құлақ маңы – шайнау аймағының флегмонасын емдеу үшін тілік жасағанда қандай 
құрылымды зақымдап алу қаупі бар? 
A)
Жоғарғы жақ артериясы 
B)
Иек асты нерві 
C)
Бет нерві * 
D)
Тіл асты сілекей безі 
E)
Төменгі ұяшықтың артерия 
47. Құлақ маңы – шайнау аймағының флегмонасын емдеу мақсатында операциялық жол 
ашу үшін тіліктер жасау бағыты қандай болу қажет? 
A)
Ұрт – ерін қатпары бойымен 
B)
Иек асты аймағында 
C)
Бет нервінің тармақтары бойымен* 
D)
Кілегей қабықтың қанат-жақсүйек қатпары бойымен 


67 
E)
Төменгі жақсүйек бұрышы бойымен 
48. Бассүйек күмбезі сүйектерінің кеуекті заты тамырларынан қан ағуды тоқтату үшін 
қандай тәсіл қолданылады? 
A)
Сүйектің сыртқы пластинкасын саусақпен басу 
B)
Гель сорбенттерін қолдану 
C)
Арнаулы қан тоқтатқыш қысқыштарды қолдану 
D)
Кетгутпен жараға тампонада жасау 
E)
Сүйектің көлденең кесіндісіне балауыз пастасын жағу* 
49. Операция барысында сүйек бөліктерін алып тастаумен сипатталатын трепанация 
қалай аталады? 
A)
Сүйек-пластиналық 
B)
Резекциялық* 
C)
Ляминоэктомиялық
D)
Біркезектік 
E)
Екікезектік 
50. Кушинг әдісімен бассүйек трепанациясын жасағанда қай қабатқа тігіс салынбайды? 
A)
Тері 
B)
Самай бұлшықеті 
C)
Мидың қатты қабығы* 
D)
Апоневроз 
E)
Тері асты шелмай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет