Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет60/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Тест жауаптары
 



№ 


B
11 C
21 E
31 
B
41 E

B
12 D
22 D
32 
A
42 A 

C
13 C
23 C
33 
C
43 A

C
14 B
24 B
34 
C
44 A 

C
15 A
25 D
35 
C
45 B

D
16 B
26 D
36 
B
46 C 

B
17 C
27 D
37 
A
47 C 

A
18 D
28 B
38 
E
48 E

D
19 E
29 C
39 
C
49 B
10 B
20 C
30 D
40 
E
50 C
 
Ситуациялық есептер
1.
Хирургиялық бөлімге самай-шеке аймағының жұмсақ тіндері тілінген жарасы (5-
6см) бар ауру келіп түсті. Басында таңғышы мен киіміне көп көлемде қан сіңген. Қан 
кету көздерін атаңыз. Мұндай қатты қан кетуді бассүйек күмбезі жұмсақ тіндерінің 
қандай топографиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады? 
2.
Автокөлік апатынан кейін жедел жәрдем ауруханасына, басының жұмсақ тіндері 
соғылғаннан зардап шеккен үш адам әкелінді. Олардың біреуінің басында кең жайылған 


68 
үлкен гематома, екіншісінде шеке сүйек шегінде орналасқан гематома, ал үшіншісінде 
азғантай ғана ісіктер түрінде ақаулар анықталды. Осы үш зардап шегушілердің 
гематомаларының орналасқан орнын анықтаңыз. 
3.
Науқастың шеке аймағындағы липомасын алып тастау әрекетінен кейін, 
операциялық жараның инфекциялануы, ал соңынан мидың қатты қабығының жоғарғы 
сагиталды синусының тромбозы пайда болды. Бассүйектің ішіне жұмсақ тіндерден 
инфекцияның таралу себебін негіздейтіндей, бассүйек күмбезі аймағы тамырларының 
топографиялық ерекшеліктерін атаңыз. 
4.
Шүйде аймағында шүйделік сыртқы төмпеден сыртқары орналасқан 
карбункулды ашу кезінде, наукаста жарадан өте күшті қан кету ашылды. Бұл аймақта 
іріңнің әсерінен қабырғасы еріп кетуі мүмкін қандай тамырлар өтетінін атаңыз. 
5.
Қабылдау бөліміне бассүйек – ми жарақатымен ауру келіп түсті. Тексеру 
барысында оған оң жақ шеке аймағының субдуралды гематомасы және мидың қысылу 
симптомдары бар деген диагноз қойылды. Бұл науқасқа қандай операция көрсетілген? 
Операция кезеңдерін атап, қан кету мүмкін болар көзін анықтаңыз. 
6.
Бассүйек негізі (түбі) сынған аурудың мұрнынан қан кету және көзі шарасынан 
шығардай томпайып ісуі («көзілдірік» симптомы) анықталды. Бассүйек негізінің сынуы 
бассүйек шұңқырларының қайсысының тұсында болғанын анықтаңыз. «Көзілдірік» 
симптомы мен мұрыннан қан кету себептерін клиникалық-анатомиялық тұрғыдан 
түсіндіріңіз. 
7.
Бассүйек негізі (түбі) сынған аурудың құлағынан қан кету, беттің ымдау 
бұлшықеттерінің параличі, есту қабілетінің төмендеуі анықталды. Бассүйек негізінің 
сынуы бассүйек шұңқырларының қайсысының тұсында болғанын анықтаңыз. Аталған 
симптомдардың пайда болу себептерін клиникалық-анатомиялық тұрғыдан түсіндіріңіз. 
8.
Қабылдау бөлімінде жарақат алған ауруға «Бассүйек негізі артқы бассүйектік 
шұңқыры деңгейінде сынған» деген диагноз қойылды. Аталған деңгейде болған бассүйек 
түбінің сынуы қандай 10 нервтік және қантамырлық құрылымдардың зақымдалуына 
әкелуі мүмкіндігін атаңыз. 
9.
Емізік тәрізді өсіндінің трепанациясы (антротомия) – операциясы жасалған 
ауруда бет нервінің шеткі параличі пайда болды. Көрсетілген асқынуды клиникалық-
анатомиялық тұрғыдан негіздеңіз. 
10.
Іріңді мастоидит себебінен емізік тәрізді өсіндінің трепанациясы (антротомия) – 
операциясын жасау барысында жараның тереңгі түбінен қатты қан кету басталды. Қан 
кету себебінің көзін және оны тоқтату әдістерін атаңыз. 
11.
Хирургиялық бөлімшеге бетінің бүйірлік аймағында, шайнау бұлшықеті мен 
төменгі жақсүйектің төменгі қырының қиылысатын жерінде жыртық жарақаты бар ауру 
келіп түсті. Жарадан қатты қан кетумен қатар, ауыз саңылауының ассиметриясы 
анықталды. Бұл жағдайда қандай тамырлар мен нерв зақымданғанын атаңыз. 
12.
Хирургиялық бөлімшеге бетінің бүйірлік аймағында, ұзындығы 4 см, төменгі 
жақсүйек бұтағы деңгейінде және бетсүйек доғасынан 1,5-2 см төмендеу тік бағытта 
орналасқан кесілген жарақаты бар ауру келіп түсті. Жараны тексеріп, теріасты 
шелмайдың тамырларынан қан кетуді тоқтатқан соң, жара ішін тұрақты түрде мөлдір 
сұйықтық толтыра беретіні байқалды. Жарақат нәтижесінде қандай құрылымның 
зақымданғанын және ол беттің бүйір аймағында қандай анатомиялық элементтер 
арасында өтетінін атаңыз.
13.
Хирургиялық бөлімшеге «Оң жақ құлақ маңы безінің жіті қабынуы» деген 


69 
диагнозбен ауру келіп түсті. Дәрігерлік тексеру – құлақ бүртігінің алдында, төменгі 
жақсүйек арты шұңқырда тығыз инфильтрат бар екендігін, ауыз саңылауының өте күшті 
ассиметриясы мен оң жақ мұрын-еріндік қатпардың жазықталғандығы анықтады. 
Аталған симптомдардың мүмкіндік себептерін атаңыз. 
14.
Хирургиялық бөлімшеге «Менингит, қуысты синустың тромбозы» деген 
диагнозбен ауру келіп түсті. Анамнезінде мұрын желбезегі аймағында фурункул болғаны 
көрсетілген. Капиллярлық құрылысымен сипатталатын қуыстық синустың тромбозы 
немен қауіпті? Аталған жағдайды клиникалық – анатомиялық тұрғыдан түсіндіріңіз. 
15.
Автокөліктік авария нәтижесінде зардап шегушінің сол жақ бетінің бүйірлік 
аймағында жыртық жара анықталды. Рентгенограмма төменгі жақсүйектің буындық 
өсіндісінің мойны деңгейінде жарықшақтық сынық бар екендігін көрсетті. Жараға 
хирургиялық ревизия жасау және сүйектің бос жарықшақтарын алып тастау кезінде 
кенеттен жараның тереңгі түбінен өте күшті қан кету басталды. Сүйек жарықшағымен 
қайсы тамыр зақымданғанын және жарадағы қан кетуді тоқтату әрекеттері қиындыққа 
соқса, қандай тамырды байлау керек екендігін атаңыз. 
16.
Хирургиялық бөлімге келіп түскен ауруды қарағанда мынадай өзгерістер: оң 
жақ құлақ маңы-шайнау, ұрт және шамалы самай аймақтарында домбығу ісігі, ауыз 
қуысы күмбезі кілегей қабығының ісінуі мен ауыспалы қатпарының жазықталуы, 
жақсүйектердің шамалы қарысуы анықталды. Аталғанға диагноз қойып, оның орналасу 
орнын, инфекцияның көзін және іріңдіктің таралу жолдарын атаңыз. 
17.
Жас балаға «Жіті іріңді гайморит» диагнозы қойылды. Жоғарғы жақсүйек 
(Гаймор) қойнауынан іріңдіктің мүмкіндік таралу жолдарын атап көрсетіңіз. 
18.
Үш жасар балаға «Жіті іріңді фронтит» деп қойған дәрігердің диагнозын дұрыс 
деп есептейсіз бе? Түсініктеме беріңіз. 
19.
Төменгі жақсүйектің сынуынан соң, зардап шегушінің иек асты терісінің жаны 
кетіп қалуы пайда болды. Сынықтың шамамен қай тұста болғанын және аталған 
асқынудың себебін түсіндіріңіз. 
20.
Хирургиялық бөлімшеде балаға тіл жүгеншесінің іштен туа біткен қысқалығы 
себебімен операция жасалды. Жүгеншенің қысқалығын жою үшін қандай хирургиялық 
әрекет қолданылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет