Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Мойынның аймақтары мен үшбұрыштары



Pdf көрінісі
бет63/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
Мойынның аймақтары мен үшбұрыштары 
 


73 
 
17-сурет. Мойын үшбұрыштары 
 
Бұлшықеттердің рельефтері, сүйектердің теріасты төмпелері мойынның алдыңғы-
бүйірлік бөлімін шартты түрде бірқатар кішірек аймақтар мен үшбұрыштарға бөлуге 
мүмкіндік береді(17-сурет). Мұндай бөлу мойын ағзаларының теріге дәл 
проекциялануына көмектеседі. Мойынның алдыңғы бөлімінде екі ірі аймақты 
ажыратады: ішкі медиалды және сыртқы латералды үшбұрыштар. Медиалды үшбұрыш-
пішіні шамалы ромб тәрізді, жоғарыда төменгі жақсүйектің төменгі қырымен, сонымен 
қатар төс-бұғана емізіктік бұлшықеттің алдыңғы шетімен шектелген. Төс-бұғана-
емізіктік бұлшықеттің алып жатқан аймағы, соның атымен аталады. Аталған 
бұлшықеттің артқы шетімен және трапеция тәрізді бұлшықеттің алдыңғы қырымен және 
төменде бұғанамен шектелген үшбұрыш-латералды болып табылады. Медиалды 
үшбұрышты тіласты сүйегі арқылы жүргізілетін көлденең сызықпен екі аймаққа бөледі: 
1) тіласты сүйек үсті; 2) тіласты сүйек асты. 
Тіласты сүйек үсті аймақта мынадай кіші үшбұрыштарды ажыратады: иек астылық 
(trigonum submentale) (жұп емес) – ол тіласты сүйекпен (төменде) және қосқарыншалы 
бұлшықеттердің алдыңғы қарыншаларымен шектеледі. Сонымен қатар, жұп (оң жақ 
және сол жақ) жақастылық (trigonum submandibulare) үшбұрыштар, олар төменгі 
жақсүйектің төменгі қырымен және қосқарыншалы бұлшықеттің алдыңғы және артқы 
қарыншаларымен шектелген. 
Тіласты сүйек асты аймақта төмендегідей жұп (оң жақ және сол жақ) екі 
үшбұрыштар орналасқан: ұйқы үшбұрышы (trigonum caroticum) және жауырын-
кеңірдектік үшбұрыш (trigonum omotracheale). Ұйқы үшбұрышы – үстінен 
қосқарыншалы 
бұлшықеттің 
артқы 
қарыншасымен, 
астынан-жауырын-тіласты 
бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен, ал артқы жағынан төс-бұғана-емізіктік 
бұлшықеттің алдыңғы қырымен шектелген. 


74 
Жауырын – кеңірдектік үшбұрыш – медиалды жағынан тереңде жатқан кеңірдектің 
үстімен жүргізілетін ортаңғы сызықпен, латералды төменгі жақтан-төс-бұғана-емізіктік 
бұлшықеттің алдыңғы шетімен, латералды жоғарғы жағынан жауырын-тіластылық 
бұлшықеттің жоғарғы қарыншасымен шектелген. 
Жоғарырақ аталған латералды (яғни, сыртқы) үшбұрыш өз кезегінде төменнен 
жоғары қарай қиғаш өтетін жауырын-тіластылық бұлшықеттің төменгі қарыншасымен 
тағы жұп (оң жақ және сол жақ) екі кішірек үшбұрышқа бөлінеді. Жоғарғысы (үлкендеуі) 
– жауырын – трапециялық үшбұрыш (trigonum omotrapezoideum), төменгісі (кішісі) – 
жауырын – бұғаналық үшбұрыш (trigonum omoclaviculare) деп аталады. 
Төс – бұғана – емізіктік аймақ – осы бұлшықеттің алып жатқан шекарасына сәйкес 
келеді. Осы бұлшықеттің астында терең бұлшықеттік құрылымдар орналасқан: 
сатыалдылық аралық, саты-омыртқалық үшбұрыш, және сатыаралық кеңістіктің 
бастамасы. Аталған жерлерде медиалды (негізгі) қантамыр – нервтік шоғырдың 
бастапқы бөлігі (жалпы ұйқы артериясы, ішкі мойындырық венасы, кезбе нерв), сонымен 
қатар, латералды (сыртқы) қантамыр-нервтік шоғыр-бұғана асты артериясы, иықтық нерв 
өрімі, бұғана асты венасы, көкеттік нерв және басқа анатомиялық элементтер 
орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет