Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет66/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
 
18-сурет. Мойын шандырлары (фасциялары) 
 
Үшінші фасция – мойынның өзіндік фасциясының терең жапырақшасы – (lamina 
profunda f.cervicalis propria). Бұны басқаша жауырын-бұғаналық деп те (f.omoclavicularis) 
атайды. Бұл фасция мойынның алдыңғы-төмен бөлігінде трапеция пішінді болып 
орналасқан. Жоғарғы жағында тіласты сүйегіне, төменде төс пен бұғананың артқы 
беттеріне бекиді, ал бүйірлік бөлімдерінде екі жапырақшаға ажырап, тіласты сүйегінің 
астында жатқан бұлшықеттерді (m.m.omohyoideus, sternohyoideus, sternothyroideus, 
thyrohyoideus) қоршайды. Мойынның ортаңғы сызығы бойымен бұл фасция жоғарыда 
мойынның екінші фасциясымен бітісіп, мойынның ақ сызығын құрайды. 
Төртінші фасция – мойынішілік фасция (f.endocervicalis). Мойынның ішкі ағзаларын 
– көмекейді, кеңірдекті, қалқанша безді, жұтқыншақты және медиалды (негізгі) 
қантамыр – нервтік шоғырды қоршайды. Бұл фасция екі жапырақшадан тұрады – 
висцералды және париеталды. Висцералды жапырақшасы мойындағы ішкі ағзалардың 
әрқайсысын жеке қоршайды, ал париталдысы жоғарыда аталған ағзаларды жалпы 
сыртынан жауып, содан кейін медиалды қантамырлық – нервтік шоғырға (n.carotis 
communis, v.jugularis interna, n.vagus) ауысып, оған қынап құрайды да, төменде 
көкірекаралық пен ірі қан тамырларға өтеді. 


77 
Бесінші фасция – омыртқа алды фасция (f.prevertebralis) мойындағы симпатикалық 
бағана мен түйіндерді, бас пен мойынның ұзын бұлшықеттерін, сатылы бұлшықеттердің 
бәрін қоршайды, сонымен қатар сыртқы (латералды) қантамыр-нервтік шоғырға (бұғана 
асты артериясы мен венасы және иық өрімі) фасциялық өсінділер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет