Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет65/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

 
 
Мойын шандырлары (фасциялары) 
Мойын фасцияларының өте өзгергіш болып келетінін ХҮІІІ ғасырдың өзінде 
француз дәрігері Биша жазып кеткен(18-сурет). Одан бері ХІХ және ХХ ғасырларда 
мойын фасцияларын зерттеген ғалымдар әртүрлі деректер келтірген. Мысалы, Н.И. 
Пирогов мойында төрт жапырақша түрінде өсінділер беретін бір ғана фасция бар деп 
есептеген. Н.К. Лысенков, В.И. Бушкович т.б. – ойынша мойындағы фасция саны үшеу. 
Медициналық мақсатта қолдануға ыңғайлысы В.Н. Шевкуненко ұсынған 5 
жапырақшадан тұратын мойын фасцияларының сипаттамасы болып табылады. Бұл 
жіктеу анатомиялық оқу құралдарында кең тараған және жиі қолданылатын нұсқа. 
Фасциялардың шығу тегі әртүрлі – біріншіден, олар редукцияланған 
бұлшықеттердің сіңірлері мен апоневроздарының жалғасы түрінде дамыса, - екіншіден, 
мойынның ішкі ағзаларын қоршайтын борпылдақ дәнекер тіннің тығыздануынан пайда 
болады және – үшіншіден, ұрықтың даму кезінде целаннан (іш перде) өрбиді. Фасциялар 
мойынның дәнекер тіндік тірегін құрайды. Ірі веналардың қабырғалары мойын 
фасцияларымен жанасып, бітісіп кетеді және фасциялар бұл тамырлардың қабырғасын 
керіп тұрады. Осы себептен, мойынның жарақаттарында веналық тамырлардың қуысы 
қабыспай ашық болуына байланысты және кеуде қуысының сорушы қабілеті күшті 
болғандықтан, веналарда ауа эмболиясы болу қаупі бар. Мойын фасциялары 
жапырақшаларының арасы борпылдақ дәнекер шелмайға толы, бұл аралықтармен 
іріңдіктер мен гематомалар таралуы мүмкін. 
Сонымен, В.Н. Шевкуненко ұсынған мойынның бес фасциялық нұсқасы 
төмендегідей: 
Бірінші фасция – мойынның беткей фасциясы (fasia cervicalis superficialis), дененің 
жалпы теріастылық фасциясының бөлігі болып табылады. Мойынды түгелдей қоршайды 
және көршілес аймақтарға ауысады.Мойында ол терімен және теріастылық мойын 
бұлшықетімен (m.platisma) тығыз бітіскен. Бұғана үстімен кеуде қабырғасына өтеді, одан 
әрі бұлшықет талшықтары екінші қабырға деңгейінде аяқталады, ал фасция әрі қарай 
төмендеп, кеудеде сүт безін қоршайды. Осы себептен, мойында беткей орналасқан 
іріңдік инфекция, төмен жылжып сүт бездеріне жетсе, оның инфекциялық қабынуына 
(мастит) алып келуі мүмкін. 
Екінші фасция – мойынның өзіндік (меншікті) фасциясының беткей жапырақшасы – 
(lamina superficialis f.cervicalis propria), бұл да бірінші фасция сияқты мойынды тегіс 
айнала қоршайды да, бетке және кеудеге ауысады, бірақ сүйектік құрылымдарға: төменгі 
жақсүйек қырына, емізік тәрізді өсіндіге, мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне 


76 
және қылқан өсінділерінің байламдарына, бұғана мен төссүйектің алдыңғы беттеріне 
бекінеді. Бұл фасция төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттерді екі 
жағынан қоршап қынап жасайды, сонымен қатар, осындай қынапты жақасты сілекей безі 
үшін де (gl.submandibulare) құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет