Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет68/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Мойын аймақтары 
Шекаралары.
Төс–бұғана-емізіктік аймақ (region sternocleidomastoideus) осы 
бұлшықеттің шекарасымен сәйкес келеді(19-сурет). 
Қабаттары
. Бұлшықеттің алдыңғы қыры бойымен тереңірек және оңай қозғалатын 
терісі астында жалпы ұйқы артериясы проекцияланады, ол жоғарырақ бөлікте ұйқы 
үшбұрышына кіріп алға қарай ығысады.
Өкпелердің жоғарғы ұшы мен өкпеқап күмбезі бұғана үсті шұңқырға 
проекцияланады, басты аздап алға қарай игенде, бұл жерде тереңірек бұғана асты 


79 
артериясының соғуын саусақпен сезуге болады. Бұғана асты венасы және оның ішкі 
мойындырық венасымен қосылатын жері (Пирогов веналық бұрышы) бұғана артында, 
оның медиалды және ортаңғы бөлігі арасында сатыалдылық аралықта проекцияланады. 
Осы аймақтың терісі астында беткейлік фасция жатады және ол теріастылық 
бұлшықетке (m.platisma) қынап жасайды. Оның астында мойын өрімінің нервтері мен 
сыртқы мойындырық венасы орналасқан. Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің шығу тегі – 
трапеция тәрізді бұлшықеттен бөліну арқылы болғандықтан, олар ортақ бір нерв пен 
қосымша нерв – n.accessorius қамтамасыз етіледі. 
Аталған нерв (ХІ-жұп) мойында қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасының 
астынан шығып, оның бұтақтары жоғарыда аталған екі бұлшықетке кіреді. Нервтердің 
жанымен қосарласып сыртқы ұйқы артериясының тармақтары жүреді, сонымен қатар ХІ 
нервке симпатикалық нерв тармақтары қосылады (С
ІІ
). 
Төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің өзі мойынның екінші фасциясының екіге 
ажырайтын жапырақшаларының ішінде орналасқан. Оның артқы жапырақшасының 
астында, егер бұлшықетті сәл артқа қарай тартса, ішкі мойындырық венасы (v.jugularis 
interna) көрініп тұрады, одан тереңірек жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis) және 
екеуінің аралығында тереңдеу – кезбе нерв (n.vagus, Х-жұп) орналасады (негізгі 
қантамыр-нервтік шоғыр). 
Жалпы ұйқы артериялары кеуде қуысында пайда болады: оң жақ артерия бас-иық 
бағанасынан, ал сол жақ артерия қолқа доғасынан бастау алады. Жоғары қарай көтеріле 
келе, мойынның төменгі үштік аймағына кіргенде жалпы ұйқы артериялары төс пен төс-
бұғана-емізіктік бұлшықеттің бұғананың аяқшасы аралығында өтеді және сырт жағынан 
m.sternothyreoideusбұлшықетімен жабылады. Артерияларды алдынан ішкі мойындырық 
венасы қалқаннан тұрады.


80 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет