Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет70/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

20-сурет. Мойын өрімдері
 
 
Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі 
Мойынның медиалды қантамырлы – нервтік шоғырынан тереңірек бесінші 
фасцияның ішінде немесе оның астында мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінің 
алдыңғы беттерінде симметриялы түрде симпатикалық нерв жүйесінің шеткі бөліміне 
жататын симпатикалық бағаналар (tr.sympathici dextra et sinistra) орналасады(20-сурет). 
Бұл жүйенің орталық бөлімдері жұлынның сұр затының бүйірлік мүйіздері құрамында 
С
VIII
, T

-L
III
сегменттері деңгейінде орналасқан және ол затты substantia intermediolateralis 
деп атайды. 
Симпатикалық бағаналар мойында бассүйек түбінен басталып, бірінші қабырғаның 
мойнына дейінгі аралыққа созылады және өз құрамында бір-бірімен тармақтар арқылы 
байланысқа 3-4 түйіндері болады. Ең ірі түйін төменгісі болып табылады – ол көбінесе 
бірінші кеуделік түйінмен бірігіп кететіндіктен (ganglion cervicothoracicum) немесе 
жұлдыз тәрізді түйін деп аталады (gang.stellatum). Бұл түйін сатылыомыртқалық 
үшбұрышта орналасқан. Симпатикалық баға байланыстырушы бұтақшалар (rami 
communicantes) арқылы анималды нерв жүйесімен байланысады. Симпатикалық 
бағананың түйіндерінен тарамдалатын нервтер басқа, мойынға, кеудеге жетіп,ішкі 
ағзалардың бұлшықеттерін, сезім ағзаларын, бездерді, қантамырларды, жүректі, 
бронхтарды, плевраны т.б. қамтамасыз етеді. Әрі қарай кеуде қуысына өтіп, жолда кезбе 
нерв және көкеттік нервтермен, сондай-ақ мойын және иық нерв өрімдерімен нервтік 
байланыстар жасай отырып, жүрек-аорталық нервтік өрімнің құрылуына, сонымен қатар 
мойындағы және кеудедегі бірқатар рефлексогендік аймақтардың пайда болуына 
қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет