Қабаттары.
Аймақтың терісі жұқа, серпімді, астында шелмай қабаты мен беткейлік
фасция жатады. Мұнда мойынның беткейлік веналары: v.jugularis ant., v.mediana colli
және мойын өрімінің терілік нервтерінің тармақтары орналасқан. Одан тереңірек
мойынның екінші (өзіндік) фасциясы, содан кейін (үшінші) жауырын-бұғаналық фасция
жатады. Үшінші фасция мойынның алдыңғы бұлшықеттеріне арналған қынаптар
жасайды. Ол бұлшықеттер: бұғана-тіласты, жауырын-тіласты, бұғана-қалқанша,
қалқанша тіласты осы қынаптармен қоршалған. Артқы екеуі басқаларынан тереңірек
жатады. Аталған бұлшықеттерден терең төртінші ішкіағзалық фасция – дәлірек айтқанда,
оның париеталды жапырақшасы жатады. Оның астында ішкі ағза алды кеңістікті табуға
болады, ал одан тереңірек вицералды фасция жатады. Бұл фасция мойынның ішкі
ағзалары: көмейді, кеңірдекті, қалқанша және қалқанша маңы бездерін, өңешті жауып
тұрады. Ішкі ағзалар алды кеңістікте қантамырлары, лимфа тамырлары мен түйіндері бар
шелмай қабаты жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |