90
артқы бағытта тереңдейді. Мойынның жоғарғы бөлігінде кеңірдек теріден 1,5-2см
тереңдікте жатса, төс сүйектің мойындырық ойығы үстінде 4 см дейін тереңірек
орналасады. Осы себептен жоғарғы трахеостомия операциясын қалқанша без
мойнағының астынан емес, үстінен жасаған ыңғайлы сияқты. Онымен қоса, төменгі
жақта төс сүйектен жоғары кеңірдек қантамырлармен өте жақын көршілес жатады.
Кеңірдек мойын және кеуде бөлімдерінде 18-20 жартылай сақина тәрізді
шеміршектерден құралған, олар шеңберлі бағыттағы байламдармен жалғасқан. Мойын
бөлігінде 6-8 шеміршектік сақина болады, ал қалғандары кеуделік бөлігінде орналасқан.
Мойын бөлімінде кеңірдекке екі бүйірінен қалқанша бездің бөліктері, ал одан төменірек
– жалпы ұйқы артериялары жанасады. Кеңірдектің артқы жағында, шамалы солға ығыса
өңеш орналасады. Екеуінің арасындағы жүлгеде қайырылмалы көмей нервтері өтеді, ол
мойынның ішкі ағзаларын нервтейді.
Кеңірдектің қанмен қамтамасыз етілуі төменгі қалқанша артерияларынан және
веналарынан іске асады. Лимфа кеңірдектен кеңірдек маңы лимфа түйіндеріне, сонымен
қатар мойынның тереңгі түйіндеріне барып құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: