Каротидты бассей және оның ерекшеліктері ІІІ. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді.
Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалғасы. Жалғама — құрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары — бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырлары соңғы тармақтарының өзара байланысып торлануын артерия торлары деп атайды. Ал екі артерия немесе вена тамырлары аралығындағы қылтамырлар (капиллярлар) торын "ғажап тор" дейді. Ғажап торлар бауырда (вена капиллярларының торы) және бүйректе (артерия капиллярларының торы) кездеседі. Дене мүшелерінің әртүрлі жазықтық деңгейінде орналасқан қан тамырларының байланысып жалғасуынан — тамырлар тораптары түзіледі. Артериолалар мен венулалардың қылтамырларға тарамдалмай, тікелей өзара байланысуынан артериола-венулалық жалғама пайда болады. Анастомоз — негізінен қозғалмалы ағзаларда (қарын, ішек т.б.), аяқтар буындарында, түлғада жақсы байқалады. Анастомоз денедегі қан қысымын реттеумен қатар, айналма тармақтар түзіп, мүшелердің қанмен толық деңгейде жабдықталуын қамтамасыз етеді.