Бастың бет бөлігінде жасалатын операциялар
Бет терісінің құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып (терінің қозғалғыштығы,
нәзіктігі, қан тамырлары мен нерв ұштарына байлығы, әралуан қызмет атқаратын
бұлшықеттердің көптігі) сонымен қатар косметикалық мақсаттың маңыздылығын
ұстанып, бетке операция жасау әрекеттері оның беткей орналасқан және тереңдегі
тіндеріне мейлінше нәзік, әрі барынша аз зақымдау мақсатында жүргізілуі қажет.
Беттің жарақаттарын хирургиялық тазарту. Беттің жұмсақ тіндерін хирургиялық
өңдеу мынадай міндеттерден тұрады: қан тоқтату, ымдау бұлшықеттерінің қалыпты
қозғалуын қамтамасыз ету, косметиканы сақтау және жарақаттың өзін тазарту.
Науқастың жату қалпы-арқасымен орналасу, басы қарама-қарсы жаққа бұрылады
немесе артқа қарай қайырылады.
Ауырсындырмау тәсілі – жергілікті немесе венаіші наркозбен қосарластыру.
Беттің жарақаттарын хирургиялық тазарту кезінде, жараларды алғашқы
хирургиялық өңдеу тәсілінің негізгі қағидаларын қолданады (ауырсындырмау, жарақат
айналасын тазарту, қан ұйындыларын, бөтен текті заттарды, тіндердің үзінділерін алып
тастау, жарақат шеттерін кесіп түзулеу, гемостаз және тігістер салу). Алайда, бұл
жұмыстарды орындауда кейбір ерекшеліктерді естен шығармаған жөн:
1)
еріндердің, қастардың және мұрын аймағындағы шеттері тегіс, әрі
былғанбаған жарақаттар болған жағдайда, жара тұсындағы терінің шеттерін кеспей
бірден тігуге болады, өйткені беттегі қантамырлары, жақсы дамыған анастомоздары бар,
ауқымды және жұмсақ тіндерді қанмен өте жақсы қамтамасыз ететін қантамырлық тор
құрайды. Осы себептен беттін жарақаттары, әдетте тез жазылады;
2)
егер бетке түскен зақымдардың жалпы мерзімі 48 сағаттан аспаған жағдайда,
алғашқы хирургиялық әрекеттер жасалғаннан соң 12 сағат өткенде, жарақатқа қайтадан
хирургиялық өңдеу жұмысы жүргізіледі, яғни жарақатты кесіп алу және біріншілік
тігістерді салу. Косметикалық мақсаттың нәтижесі жоғары болу үшін, теріні кесу үрдісі
мейлінше үнемді жүргізілуі қажет және салынатын тігістер жылқы қылынан немесе өте
жіңішке синтетикалық жіптерден (капрон, нейлон т.б) болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |