Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет47/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Парацентез жасау техникасы
. Бұл кішкене операция асептика ережелерін сақтау 
жағдайында жасалуы қажет. Есту жолын механикалық жолмен тазалайды, терісін 
спиртпен сүртеді; парацентез жасайтын құрал есту жолы қабырғасына тимеу керек. 
Дабыл жарғағы өте сезімтал, сондықтан ауырсындырмау қолданған жөн. Ол үшін Бонен 
және Гордышевский қоспалары ұсынылған. Аталған сұйықтардың бірімен ылғалданған 
мақта тығынын есту жолына, айнамен бақылау арқылы дабыл жарғағына тығыз 
жанасқанға дейін енгізеді (әсіресе оның артқы бөлігіне). Тығынды 10-15 минут ұстайды. 
Осының нәтижесінде көп жағдайда жетерлік деңгейде анестезия іске асады. Парацентез 
жасалатын орын дабыл жарғағының ең томпайған, яғни артқы бөлігі болып табылады. 
Парацентез жасайтын құрал – екі жақты өткір найзапішінді пышақ (парацентездік ине). 
Парацентез техникасы. Маңдайлық рефлектордың өте жақсы жарығын қолдана отырып, 


50 
сол қолмен құлақ қалқанын артқа және жоғары тартады; есту жолына мүмкіндігінше 
кеңдеу құйғы енгізіп, барынша дабыл жарғағына жарық түсіреді. Науқастың басын 
көмекші хирург берік ұстайды. Парацентездік инені оң қолға ұстап, есту жолы 
қабырғасына тигізбей, дабыл жарғағының белгіленген бөлігіне дейін жеткізіп, бірден 
тесіп, төменнен жоғары бағытта оның артқы бөлігінің бойымен тілік жасайды. Тілік 
жасау кезінде, ине тығыз ортадан өтіп, бос қуысқа түскендей сезім болуы қажет. Тіліктің 
төменнен жоғары бағытта жасалуының тиімділігі: біріншіден неғұрлым ұзындау тілік 
жасау мүмкіндігі, екіншіден жарадан шығатын қан операциялық алаңды тасаламай, 
төмен кетуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет