46
мен сүйек қабығын тіледі. Фарабеф распаторы көмегімен сүйек қабығын 0,5см шетке
қарай ығыстырады. Қол трепанымен тері тілігінің шетін алып бассүйекке 4-5 тесік
жасайды, тесіктердің екеуі тері-апоневроздың қиықтың негізінің екі ұшында орналасуы
қажет.
Белгіленген жерлерде сүйекті бұрғылау алдында науалы қашауышпен сүйекке
кішкене шұңқырша жасап алған абзал. Сүйекті тесу кезінде трепанмен алғашқыда
батылдау бұрғылауға болады, бірақ соңынша бұрғының ұшы диплоэлік қабатқа жеткенде
хирург сақ болуы керек, себебі бұрғының сүйекті тесіп өткен сәтін дәл сезінуді маңызды.
Тесіктер дайын болған соң, Джигли сым арасымен тесіктер аралығындағы сүйекті аралап
кеседі.
Сым араның ыңғайлы және тиімді жағы, онымен сүйек табақшасын қиғаштан кесуге
болады, нәтижесінде сүйектік қиындыны операциядан кейін, қақпақ сияқты орнына дәл
қоюға мүмкіншілік туады. Мидың қатты қабығын зақымдап алмас үшін, әуелі
трепанациялық екі тесік арқылы металдан жасалған науашалы аспапты (өткізгіш)
өткізеді, ол қатты қабықпен сүйек арасын ажыратады, артынша өткізгіштің науашасымен
сым араның ұшын кіргізіп, келесі тесіктен шығарып алады. Сүйектің кеуекті затынан
шығатын қанды тоқтату үшін, сүйектің араланған қырын 3% сутегі асқын тотығы
ерітіндісімен шайып, стерилді балауызбен тығыздап өңдейді. Арамен кесіп, дайын
болған сүйектік қиындынының негізін, ең соңынан сүйек қабығына дейін ішінен Джигли
арасымен аралайды (аралау кезінде сым араның екі ұшын барынша алшақ ұстау керек).
Осыдан кейін сүйектік қиықтың табаны (негізі) оңай сынады да, тек бұлшықет пен сүйек
қабығымен ұсталып тұрады. Сүйектік қиықты төмен қарай қайырып қояды. Ерекше есте
сақтайтын жағдай, сүйектік қиықтың сынған өткір қырымен a.meningea media
қантамырын зақымдап алмау.
Бірақ, бұған қарамай артерия зақымданған жағдайда, қан кетіп жатқан тамырға тез
қантоқтатқыш қысқышты салып, жібек жіп лигатурасымен байлау керек. Жарақаттың
айналасындағы операциялық ақматаны айырбастайды, содан кейін қолды жуып, мидың
қатты қабығын тіліп, ашуға кіріседі.
Мидың қатты қабығына тілік жасау үшін, алдын-ала ішіндегі қысым деңгейін
төмендету мақсатында, бел омыртқалар аймағынан инемен 30-40мл ликворды шығарады.
Мидың қатты қабығын айқыш тілік (крест тәрізді) жасап кеседі де, қиындының негізін
сагиталды синусқа немесе басқа бағытқа қаратып (ол операциялық орнына байланысты)
ашады. Ерекше көңіл аударатын мәселе – мидың қатты қабығына кесінді жасағанда, ол
сүйекке жасалған тесіктің шетіне жақындатпай, одан 0,5-1см шегініңкіреп жасау қажет.
Бұл жағдай артынша мидың қатты қабығына тігістер жасауға ыңғайлы болады.
Операцияны аяқтаған соң, мидың қатты қабығының шеттеріне жекелеген тігістер салады
да, сүйек қабығы – сүйектік қиындыны орнына орналастырады, одан кейін тері-
апоневроздық қиындыны орнына қояды. Терідегі жарақатқа бірнеше тігістер салып
тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: