* Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#98513
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
318-1-591-1-10-20180421

ДІН ФИЛОСОФИЯ-
СЫН ДАҒЫ ТҰЛҒА 
МӘСЕЛЕСІН 
ЗЕРТТЕУДІҢ 
АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН 
ПРАЕКСЕОЛОГИЯЛЫҚ 
БАҒДАРЛАРЫ


ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
66
Дін философия сын дағы тұлға мəселесін зерттеудің алғышарттары мен праексеологиялық бағдарлары
Ал күрделі қырларын былайша тиянақтап 
көрсетуімізге болады. Біріншіден, адамзаттың 
руханияттық тарихында діни философия 
қарыштап дамығанмен, дін философиясы оны
-
мен салыстырғанда айтарлықтай деңгейде дами 
алмағандығына байланысты қиыншылықтар 
туындайды. Екіншіден, зайырлы қоғам үлгісі 
құ рылғанмен, қоғамдық бұқаралық, тіпті тео-
риялық санада да діни пайымдаулар жеткілікті, 
бірақ дін туралы пайымдауларға ашық жол 
беріле бермейді, нақтырақ айтқанда, дін əлі 
толық сынауға жəне парасатты-бейтарап 
тұрғыдан талдануға мүмкіндігін аша алмай отыр. 
Үшіншіден, үш əлемдік дін мен əр түрлі ұлттық 
діндердің, бұлардың ішіндегі сан түрлі діни 
бағыттардың пайда болуы, тіпті оның ішінде 
дəстүрлі емес секталық бағыттардың өрбуі, біз 
үшін қайсысын таңдау мүмкіндігімізді тым 
кеңейтіп жібереді. Төртіншіден, қазіргі адамзат 
қоғамында, біздің елімізде де, жалпы дін тура
-
лы пайымдаулардың қайсысы болмасын сынға 
ұшырауға бейім болып келеді.
Дегенмен, осындай қайшылықты-күрделі 
жағдайларға қарамастан, жоғарыда айтылғандай 
тиімді қырларын негізге ала отырып, қойылып 
отырған мəселемізді əрі қарай зерделеудің 
бағдарларын былайша анықтап алуды жөн 
көрдік:
– болашақтағы діннің даму аясындағы адам 
мəселесінің ішінен тұлғалық келбетті ажыратып 
ала отырып, оны қоғамдық өмірмен, заманауи 
өзгерістермен байланыстыра қарастыру;
– қойылып отырған мəселе бойынша 
футуро логиялық болжамдар жасау;
– осындай талқылануы тиіс тұғырларды 
праек сеологиялық негізде талдау, яғни, өмір-
мəнділік-тəжірибелік қырларын үнемі назарға 
алып отыру т.б.
Осы мəселелерді талқыламас бұрын, əлемдік 
діни сана мен теориялық пайымдаулардың 
бүгінгі күнгі беталысын анықтап алуымыз қажет.
1. Қазіргі таңдағы философия, оның ішінде 
қазақстандық философиялық дискурс тарда жал
-
пы дін философиясы туралы ізденістер əлі күнге 
дейін өзектіленбей келеді. Себебі, ізденушінің 
өзіне қатысты алғанда, феноменологиялық 
тұрғыдан келгенде, діни сана дінге филосо-
фиялық қырынан келумен ыңғайласа бермейді. 
Сондықтан да, ізденушілер діни философияны 
дамытумен немесе апологетикамен, діни идео
-
логиямен шұғылданады.
2. Діни сана мен дінге сенуші тұлға дінді 
өзінің өмірмəнділік-экзистенциалдық шартта
-
рына ыңғайластырып жібергендей беталыстар
-
ды байқауға болады. Адамзат діни ережелердегі 
қарапайым этикалық ұстанымдарды мойын-
дағанмен, оны сол қалпында толықтай жүзеге 
асырып отыруға əлі де қауқарсыз болып отыр. 
Бұны жер бетінде қазіргі өркениеттік адамзат 
қоғамындағы əр түрлі қақтығыстардан бастап, 
іргелі соғыстардан-ақ көруге болады. 
3. Дінге сенуші тұлға дін мен ғылым, дін 
мен өркениеттік талаптар, дін мен ұлттық 
дəстүрлер арасында ауытқып, түрлі қайшы-
лықтарға кездеседі [1]. Бұл түптеп келгенде, 
психоанализдік тұрғыдан келгенде, адасу мен 
оқшаулануға жуықтайтын адамның дағдарыс-
танған діни көңіл-күйін беріп отыр. Тұлға дін 
мен басқа руханияттық салалармен өмірлік 
тəжірибелер арасындағы үйлесімділіктің толық 
нұсқаларын таба алмай отыр деуге де болады.
4. Діни мəтіндер қазіргі қоғамдағы 
ақпарат тардың көптігіне байланысты көпші-
лікке түп нұсқадан таныс бола алмай отыр. 
Герменев тикалық тұрғыдан келгенде, діни 
ақпараттарды таратушылар мен діни идео
-
логтар діни мəтін дерді өзінің түсінгеніндей 
деңгейде таратып отыр. Себебі, бұқаралық 
сана діни мəтіндермен толықтай түп нұсқадан 
танысуға құлықсыз немесе уақыт ағымының 
тығыздығына байланысты мүмкіндігі жоқ де
-
уге де болады. Сондықтан да, діндегі тұлға 
дінді насихаттаушылардың үлгісіндей болуы 
қажеттігімен ғана шартталған.
5. Тұлғаға тек дін ғана емес, бүгінгі таңда 
басқа да ықпалды ақпарат көздері де ықпал 
етеді. Сондықтан да тұлға, дінге деген сенімнің 
өзіндік үлгісін жасап алуға тырысуда. Бұл тіптен, 
атомарлық түрде əрбір тұлғаға сай келетін əр 
түрлі сенім үлгісін құрумен айналысуына алып 
келеді. Олай болса, жалпы діни қағидаттар 
мойындалғанмен, əркімнің ішкі жан-дүниелік 
сенімдері бар [2]. Мысалы, ахимсаны ұстанған 
үнді халықтарындағы таза дін иелері, сенімге 
берілген дəулеттілер мен сол елдегі күнкөріс 
жағдайының төмендігіне байланысты аштан 
өліп жатқандарды салыстырып көруге болады.
Бұл беталыстарды қорытындылай келе, біз 
мынадай түйін жасай аламыз: «діндегі тұлға 
бүгінгі күні де толықтай өз орнын таба алмаған-
дығына байланысты, дін философия сы бұл 
мəселені əлі де тереңірек зерделеп нақтылай түсу 
қажет». Бірақ бұл тұста, дін философиясындағы 
адам мəселесінің жалпы теориясы мен діндегі 
адамның нақты тəжірибелік қыры тұтас 
қарастырылуы қажет екендігін ескеріп отыруы
-
мыз қажет. Сонымен қатар, бұл өзекті мəселе тым 
жалпы, өйткені оның нақты жəне əмбебаптанған 


ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
67
Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ.
абсолютті дұрыс үлгісі құрылуы мүмкін емес де
-
уге де болады.
Сондықтан, біз мынадай зерттеу үлгісін 
ұсынамыз.
1. Дінге деген сенімнің, діндегі адамның 
орнының, дін мен адам, дін мен қоғам қатына-
сының, зайырлы қоғам үлгісінің жалпы 
нұсқалары философиялық тұрғыдан негізделуі 
қажет [3]. Нəтижесінде аталған мəселелер бой
-
ынша іргелі тұжырымдама жасалуы қажет. Бұл 
тұжырымдама, біріншіден жалпы əдіснамалық-
теориялық бағдар болуы тиіс. Екіншіден, заңды-
құқықтық түрде міндеттелмеген, бірақ мораль 
ретінде адамның ішкі дүниесінің талаптары 
бойынша орындауға тиістілігімен өлшенуі тиіс. 
Үшіншіден, бұл тұжырымдама ғылыми дискурс 
үшін ашық болуы қажет.
2. Қоғамдағы діннің орны мен қызметтері 
қайта қаралуы тиіс. Мысалы, діннің адамдар 
арасындағы қатынастарды реттейтін қызметі 
бүгінгі таңда өзінің ролін толықтай атқарып отыр 
ма деген сауалды негізге алсақ, іргелі ізденістер 
сұраныстарына кезігеміз. Біз осы тұста, мысал 
үшін, діннің қоғамдағы руханияттың барлық 
саласын үйлестірушілік қызметін ұсынар едік. 
Атап айтқанда, қоғамдық өмір мен ғылымды, 
тұлғаның қалыптасуы мен өмір шындығындағы 
қайшылықтарды т.б. дін өзара жəне дін өзімен 
байланыстыра отырып, үйлесімділік жасайды 
деп пайымдауымызға болады.
3. Дінге сенген тұлға келбеті қандай бо
-
луы қажеттігінің заманауи үлгісі зерттелуі 
тиіс. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі тұлға 
дінге сенімнің қандай дəрежеде болуы тиіс 
екендігін өзі таңдап алады, сол себепті дінге де
-
ген сенімнің деңгейіне байланысты тұлғаралық 
келіспеушіліктерден бастап, əр түрлі топ 
аралық, тіпті мемлекет аралық түсінбестіктер 
мен шиеленістер туындауда. Сондықтан, дін 
философиясы діндегі қазіргі заманғы тұлғаның 
орнын ашып беру бойынша ізденістер жүргізуі 
тиіс. 
4. Қазіргі заманғы кванттық физика, 
кванттық психология, синергетика ілімі, əлем-
нің голограммалық моделі т.б. ашылған ғылыми 
жаңалықтар мен ұстанымдар дін филосо-
фиясындағы адам мəселесіне қатысты жаңа 
мəселелер тауып беріп отыр. Атап айтқанда, 
адамның жаны мен рухы, о дүние, азап шегу 
т.б. көне дəуірлерден бері толғанылып кел
-
ген мистикалық мəселелер постпозитивистік 
тұрғыдан алғанда, мистикалық «қабығынан 
босанады». Сондықтан да, болашақтағы дін 
философиясындағы адам мəселесі осындай 
күрделі ахуалдарды шешуді жолға қоюы тиіс 
деп санаймыз.
5. Діни сенімге қатысты қайшылықты мəсе-
лелерді, діндегі тұлға туралы күрделі ұстаным-
дарды, зайырлы қоғам мен діннің арақаты-
насындағы келіспеушіліктер мен шешілуі тиіс 
сауалдарды т.б. «жабық» қалдырмай, оны ашық 
философиялық дискурс алаңына шығару ке
-
рек. Мысалы, «дінге деген сенімді ұлғайту мен 
күшейту фанаттыққа алып бара ма, егер алып 
баратын болса, онда неліктен діндер қоғамдық 
өмірде насихатталып отыр, əлде сенімнің 
өзіндік формасы бар ма?» Біз осы тұста, ислам 
діні бойынша бірнеше мысалдар келтіре ала
-
мыз: «бала намазды бүгінгі қоғамда неше жас-
тан бастап оқу керек», «ислам діні мен ұлттық 
дəстүр арасындағы кейбір сəйкес келе бермейтін 
тұстарды қалай шешуіміз қажет», «біздің зайыр
-
лы қоғамның ұлттық үлгісі қандай болуы тиіс» 
т.б.
Зайырлы қоғам үлгісі бойынша тұлға 
қалыптастыруда жалпы бағдарлар белгілі 
болғанмен, нақты ұстанымдар жоқ деуге де бо
-
лады жəне əлі шешілмеген түйінді тұстар да бар. 
Мысалы, «буддизмдегі нирвана, христиандық 
монахтар, исламдағы сопылық т.б. аскеттік 
өмір бүгінгі таңда қандай деңгейде болуы тиіс, 
əлде ол баршаға тұтас қажетсіз тек қана санау-
лы адамдарға тəн тұрмыс қалпы болуы тиіс 
пе, адамзат тұтастай аскеттік идеалға түссе не 
болмақ, онда оны неге насихаттаймыз» деген 
сияқты түйткілді мəселелер легі туындайды. Дін 
болмысы жөнінен қашан да, өзін насихаттауды 
қажет етеді жəне оны сұранып тұрады, ал зайыр
-
лы қоғам тұлғасы оны насихаттамауы тиіс. Бұл 
қайшылық қалай шешімін таппақ.
Келесі кезекте, дін философиясындағы тұлға 
мəселесін зерделеудің праексеологиялық бағ-
дарларына тереңірек ену қажеттігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет