Қорытынды Бұл тарауда ХХ ғасырдағы дін философия
-
сы туралы пайымдаулардағы адам мəселесінің
қарастырылуына талдаулар жасалып жүйеленді.
Қазақстандағы дін философиясындағы адам
мəселесін зерделеу барысында, алдымен қазақ
дүниетанымы тарихындағы ойшылдардың
қойы лып отырған мəселеге қатысты идеяла
-
ры сарапталды. Содан соң қазіргі Қазақстан
қоғамындағы дін философиясының өзекті
мəселелері ұсынылды.
Дін философиясындағы адам мəселесі жай
ғана теориялық зерттеулер емес, ол бүгінгі
таңдағы қоғамдық өмірдің көптеген мəселелерін
шешуге ықпалдасатын маңызды ізденістер
екендігін негізге ала отырып, «оның болашақтағы
бағдарлары қандай болуы тиіс» деген сауалдар
тастап, зерттеу бағдарының бірнеше нұсқалары
көрсетілді. Бұл қойылып отырған мəселелердің
тұрмысмəнділік жəне праксеологиялық болуына
баса назар аударылды. Бұлар бір қырынан, дін
философиясындағы адам мəселесін зерттеудің
болашақтағы мəселелер ауқымын ұсынса,
екінші бір қырынан қоғамдағы келешектегі ту
-
ындауы ықтимал құбылыстар ескеріліп, іргелі
əлеуметтік мəселелерді шешудің бағдарлары
ретінде ыңғайластырылды.
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
71
Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ.