I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет104/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Художественное освоение мира // 
Кочевники: Эстетика. Алматы: Ғылым, 1993. - С. 62-93. 
 
Әсия МҰХАМБЕТОВА 
 
ҚАЗАҚТЫҢ АСПАПТЫ МӘДЕНИЕТІНЩ 
КЕЙБІР ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қазақтың аспапты музыкасының ең көне кезеңі синкреттік бақсы өнерімен байланысты 
болғаны мәлім,
42
уақыт өте келе ол ыдырағаннан кейін, бұл өнер саласы көшпелі 
қоғамның онымен байланысты әртүрлі салаларын – әскери - аңшылық тұрмысқа қызмет 
ететін, шамандық рәсімді, биді, эпос орындауды, қамтыған. Бақсы ғұрыптары, би 
элементтері, батырлық және ғашықтық эпостарды орындау және әскери - аңшылық 
әрекеттер әрқашанда музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен өткізілетін. 
42
Қар.: 
Жұбанов X. 
Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы туралы. Қызылорда, 1936 


279 
Алайда бұл салалардың даму бағыттары әртүрлі болды. Олардың тек кейбір түрлері XIX 
ғасырға дейін сақталып, қазақтың классикалық аспаптық стилінің іргетасын қалап, оның 
эстетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті. 
Белгілі этнограф, ғалым Болат Сарыбаевтың зерттеулері бойынша,
43
көне замандағы 
әскери - аңшылық музыканың болмысы мен дамуында сан алуан аспаптар қолданылатын. 
Оларды қазақ хандарының дәуірінде әскери дайындық жүргізетін тәсілдердің бірі ретінде 
пайдаланатын. Уақыт өте келе қазақ хандықтары ыдыраған кезде, әскери - аңшылық 
ғұрыптар жоғала бастағанда күнделікті өмірде солармен байланысты аспаптық музыка да 
қолданбай кетті. Сонда да әскери - аңшылық музыканың белгілері аспаптық өнердің 
аздаған нұсқаларында сақталған, мысалы, қобыз күйлерінің кейбір әуендері ("Қамбар 
батыр", "Кер толғау") немесе Құрманғазының "Балбырауын" күйіндегі "си до ре" 
интонациясы сол дәуірдің көрінісі болып саналады. 
XIX ғасырда музыкаға қосылып би билеудің көне заманда пайда болған формасы аз 
кездесетін болды. Егер көптеген халықтардың (өзбек, әзірбайжан, гуцул және т.б.) аспап 
мәдениетінің дамуы би өнерімен тығыз байланыста болса, қазақ тұрмысында бидің орны 
басым болған жоқ. Аздаған би элементтері бар бақсы өнерінің өзі XIX ғасырда қазақ 
өмірінде ыдырап, азайды. 
Сонымен, XIX ғасырда қазақтың аспаптық өнерінің жоғарыда аталған бағыттары 
жойылуға жақын қалды. Тек эпосты орындаумен байланысты аспаптық өнер өзінің тарихи 
даму кезеңдерінен өтіп, аталған дәуірде кең қолданыста болады. Әртүрлі тарихи 
себептердің салдарынан қазақтың аспапты өнерінің өркендеу кезеңі осы бағытпен 
байланысты болды. Аспаптық өнердің түп тамыры негізінде эпикалық жырлардың кейбір 
үзінділерін музыкамен суреттеуден бастау алған. Уақыт өте келе бұл өнер даму 
барысында сөзбен түсіндіруді қажет етпейтін "таза", жеке шебер орындаушылықтың 
деңгейіне жетті. Дегенмен, бұл аспаптық өнердің генезисі мен дамуы сөзбен, ауызекі 
орындаушылықпен, эпикалық поэзиямен тығыз байланыста болған. Сол байланыстың 
көрінісі аспаптық музыканың типтес белгілерінің қалыптасуына үлкен эсер еткен. 
Музыканың эпикалық поэзиямен өзара қарым-қатынасы аспаптық музыканың 
мазмұнында да сақталған. Онда адамның рухани дүниетанымы, өмірінің мәнін жеткізетін 
белгілерді ойлану, көзге елестету жүйесі тәрізді психологиялық сезімдер арқылы 
суреттелетін болды. Қазақ аспаптық өнерінің осындай жоғары эмоционалдық 
сезімталдығын Б. Асафьев "этикалық жоғары көңіл күй", "байыптылық, қатаңдық, 
анықтылық", "эмоционалдық жоғары жалпылаудың эмоционалдық қайырымдылық және 
дана философиялық аңдаумен үйлесімділігі" деп белгілеген . Осы себептердің салдарынан 
қазақтың аспаптық музыкасында көптеген басқа халықтардың дәстүрлі аспаптық өнерінде 
жоғары деңгейде дамыған би, қимылдар, адамның жүрісін суреттейтін белгілердің әсері аз 
орын алатын болғандығы түсінікті. 
Қазақтың халық музыкасы ауызекі түрде дамып, өзінің көркемдік - қолданбалы би 
функционалдық сипатымен фольклорлық құбылыс ретінде танылады . Оның тұрмыспен 
тығыз байланыста қалыптасқан қоғами функциясы байырғы дәуірдің қолданбалы 
шеңберіне бағынбайтын болды. XIX ғасыр - домбыра музыкасының өркендеу кезеңі 
болып саналады, өйткені бұл кезде ол жеке кәсіби өнер ретінде қалыптасып, ұлттық және 
тарихи көрсеткіштерден тәуелсіз өзіне тән құралдарына ие болды. Домбыра музыкасының 
кәсіби белгілері қалыптасып, күйшілік өнер өмірлік кәсіпке айналатындай мүмкіндікке 
43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет