Дене күтімі өлеңдері
Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол - балуан білекті,
Батыл бол - таймас жүректі
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.
Сылап-сипау өлеңі
Тәу, тәу, тәу,
Сыламақ менен,
Қатып қалмақ сенен.
Менің қолым емес,
Бибі Фатима, Бибі Зухра қолы!
Ұмай ана, Қамбар ана қолы!
Мақал-мәтел тағылымы
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып табылатын мақал-мәтелдер үлкен
философиялық ойлардың маржаны іспеттес, бүкіл адамзат тіршілігінің барлық саласын
қамтиды. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы да осында.
Бала тәрбиесі туралы
Ата - балаға сыншы.
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.
Есер баладан ерке бала жаман.
Бала - ананың бауыр еті.
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал
Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Достарыңызбен бөлісу: |