5
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
Көп біл, аз сөйле.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Сыйлассаң, сыйымды боларсың,
Ұлық болсаң, кішік бол
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.
Ашу - дұшпан, ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Адам және оның қасиеттері туралы
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол
Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы.
Кісі болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Кісі болмас баланың,
Кісіменен несі бар.
Әдептілік, ар-ұят –
Адамдықтың белгісі.
Ынтымақ-бірлік туралы
Ырыс алды - ынтымақ.
Бірлік болмай,
Тірлік болмас.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Ынтымақ түбі - игілік.
Тірлік, тірлік түбі - бірлік.
Татулық - табылмас бақыт.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Игілік басы - ынтымақ.
Достарыңызбен бөлісу: