9
Айналайын, ақ келін –
Ағайынға, бақ келін!
Шырағы бол дәулеттің,
Шаттық тойға бөленсін,
Шаңырағың - сәулетің.
Жақсылыққа тасыма,
Жамандыққа жасыма.
Бақыт тіле бағым деп,
Бас иеңнің басына!
Берік болсын босаға:
Болымсызға босама.
Көп дүние - бос бейнет:
Көз тоймастық жасама!
БАТАЛАР
Қазақ дәстүрінде әрбір жақсылық іс-әрекет, ниетте "Әумин" деп бата тілеу, оған бата
беріп, "Аллау әкпар!" деп тілек айту ежелден бүгінге дейін үздіксіз жалғасын тауып
келеді. Батаның түрлері көп. Дастарқанға, сойылатын малға, соғымға, жаңа жұрт,
қызметке айтылатын ақ тілектер де осыған жатады. Жаңа туған нәрестеге, жаңа түскен
келінге, шарапаты тиген жеке адамға, жолға шығар жолаушыға, алғаш білім жолына
түскен шәкірттерге, сонымен қатар діни наным-сенімге қатысты наурыз көже, жарапазан,
құрбандықтарға арналған да баталар бар. Олардың жаттанды түрлері де, бата берушінің
ұйқасты, үйлесімді сөз шеберлігіне байланысты импровизациялық түрлері де күнделікті
өмірде жиі кездеседі. Төменде солардың кейбір үлгілері беріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: