I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет8/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Шайға бата 
Шайың қызыл болсын, 
Ғұмырың ұзын болсын. 
Несібең таса берсін, 
Дұшпаның қаша берсін. 
Аллауакбар! 
Ас қайыру батасы 
Құдай жолың қабыл болсын, 
Әрбір нәрсең әзір болсын. 
Кеткеніңді келтіріп, 
Кемтігіңді алла толтырсын. 
Бақыт пен дәулетті құдайым нәсіп етсін. 
Аллауакбар! 
 
 
Жаңа туған нәрестеге бата сұрау 
Көкірегі басқаның жаны басқа


10 
Шаһарда көп алтын-күміс, асыл тас та. 
Жиналған үлкен, кіші, ақсақалдар, 
Қарт ата, әзіз әже бәрілеріңіз, 
Беріңдер батаңызды туған жасқа. 
Әумин! 
Жас балаға берілетін бата 
Ал білек, ал білек, 
Атқа тоқым сал, білек. 
Жасыңнан малды баға біл
Атқа да жақсы шаба біл 
Өнеге, өнер таба біл
Аймағыңа жаға біл 
Аллауакбар! 
Келін түсірген үйге берілетін бата 
Келінің баянды болсын, 
Үлкен-кішіні сыйлайтын, 
Аяулы болсын. 
Жылы жүзді болсын, 
Жұмсақ сөзді болсын. 
Ел қыдырса, сыпайы жүрсін, 
Күлсе, сыпайы күлсін. 
Алдымен еріне жақсын, 
Қолға қонған қырғидай, 
Атасы мен енесіне жақсын. 
Аллауакбар! 
Келінге бата 
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын
Ақ жүзің алақандай нұрға толсын. 
Менің берген батам қабыл болып, 
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын. 
Қара су мал жериді лайынан, 
Тілей көр күнде тілек құдайыңнан. 
Мал басың дәулетіңмен бірдей өсіп
Бір құдай айырмасын жұбайыңнан. 
Аллауакбар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет