ЖОМАРТТЫҚ ТУРАЛЫ ДАСТАН ТАҒЫЛЫМЫ
Атымтай жомарт
Аты әлемге аңыз болған араб Атымтайдың (Хатим ат-Таий) жомарт атануы туралы
оқиғалар.
Атымтай дүниеден өтті бір күн,
Жоқ қылып дүниені неше дүркін.
Інісі "мен де сақи боламын" деп,
Мирастық тағып порма, киді бөркін.
Бұл хабар жетті бір күн анасына,
19
Қараңыз анасының, данасына.
"Сен, сірә, Атымтайдай бола алмайсың,
Оныңды қой, сен, - депті баласына. –
Туғаннан Атымтайдың нышаны бар,
Әркімнің ісі лайықты шамасына...
Атымтай ұсынбасам емшек ембес,
Перзенттің ата-анаға жайы мәлім.
Кейісем қол қусырып келуші еді,
"Ризамын өлтірсең, - деп, - анажаным"
Қасым Жомарт
Қасым Жомарт та жомарттығымен аты аңызға айналған адам. Ерекшелігі - оған байлық
атасынан мұра боп қалған.
һарон Рашид өзіне жомарттығы артқан Қасымды бір көру үшін арнайы аттанады.
Таң атқан соң патшаға келді Қасым,
Аман-есен тұрдың ба, замандасым.
Қалағаның бар болса алып кеткің,
Аямаймын, жолында мал мен басым.
- Бір күн, бір түн, Қасымжан, болдық қонақ,
Бәрімізден өтеді дүние шолақ.
Қызық қызмет ісіңе разы болдым.
Еш нәрсеңді алмаймын тіпті қалап.
Халифа жүремін деп тысқа шықты,
Қасымжан әдеппенен тағзым етті.
Алтынды ер жабдықты ат мінгізді,
Патша ондай атты көрген жоқ-ты.
Мұнан соң әлгі атқа мініп кетті,
Патша ойлап келеді талай кепті.
"Бұл Қасым жомарт емес, мақтаншақ қой,
Мақтанып әр нәрсесін бір көрсетті.
Талай нәрсе көрсетті Қасым маған,
Мұның несін мақтады уәзір надан.
Жомарт болса біреуін берер еді,
Көрсетіп алып кетті бәрін тамам".
Ойлай-ойлай патша жүріп кетті,
Жолдасы қалған сарайға барып жетті.
Сарайды төңіректеп көп жандар тұр,
Бұларды көріп патша тамаша етті.
Әнші қыз келді - дағы бір хат берді,
Халифа алдыдағы ашып көрді.
Барша көрген істерін ән ағам қылған,
Халифа қайран болып оқып тұрды.
20
Жазыпты ол хатында: "Қарарым сол,
Мейманым, өкпелемей разы бол
Бұған разы болмасаң тағы бір кел,
Сізді разы қылайын ендігі жол".
Патша ойлады, "Бұл Қасым неткен адам,
Мұндай жомарт табылмас тірі жаннан.
Патшамын деп бекер-ақ мақтанамыз,
Бұл Қасымға тең келмес патша мен хан.
Ойлаушы ем менен артық адам жоқ деп,
Өзім патша, артықша жомартпын деп.
Тәкаппарлық қылып мен үйде отырып,
Кісісіне жолықпай жүріппін тек".
Достарыңызбен бөлісу: |