15
Ғ ы л ы м:
Көгілдір ғой, сенің мені қомсынғаның,
Көріп пе ең құтылғанын құл сынғаным.
Қиылып бір нұқысам қалатұғын,
Желкең бе, күжірейген молсынғаның?!
Н а д а н д ы қ:
Сен кімсің, түрің нашар,
сөзің жуан,
Бар еді күш берерлік қанша дуаң?
Қолыңнан келмейтұғын жұмыс жоқтай,
Жыландай жылмаңдайсың сумаң-сумаң.
Ғ ы л ы м:
Танырсың асықпай тұр, жуан мойным,
Қар менен мұзға толар жылы қойның.
Жоқ қылмақ сендейлерді бұл жаһаннан,
Бұл күнде істеп тұрған менің ойым.
Н а д а н д ы қ:
Мен сенің шошымаймын пошымыңнан,
Достасып сеніменен қосыла алман.
Қақпамды ашып қойып сендейлерге,
Батыр-ай, келе ғой деп ұсына алман.
Ғ ы л ы м:
Қызғаншақ сорлы екенсің, ішің тар - ақ,
Сөз айтсам тыржиясың әрмен қарап.
Жіңішкелеп қазағың да сөз салып тұр,
Шаруаға жайлы екен деп біздің тарап.
Н а д а н д ы қ:
Ол жұртым,
ақылы кем, азған еді,
Тілге ерме дәйегі жоқ жазған еді.
Саны
да көп болғанда қырық миллион,
Есептеусіз шетте жатқан аз ғана еді.
Ғ ы л ы м:
Бұл күнде қытайың да сөз салып тұр,
Қызығып біздің түрге көз салып тұр
Азырақ арасынан жанжал шығып,
Ол сауал кемді күнге тоқталып тұр.
Н а д а н д ы қ:
Қой, жаным,
алаң болма, қазағыма,
Ол сенің ереді деп мазағыңа.
Жұмысың тұрғанымен шимай - сызбай,
Көндігер олар неғып азабыңа.
Ғ ы л ы м:
Түрің жоқ,
надандық - ау ақыл шығар,
16
Мен білсем, өлімің де жақын шығар?!
Арада соғыс шықса, қан төгілер,
Бергенің татулықпен мақұл шығар.
* * *
Надандық қысылғаннан кетті терлеп,
Не шара күшті тұрса, нәубет бер деп.
Бар
еді қазақтарда көп аласым,
Алғанша жалыныпты мәулет бер деп.
Достарыңызбен бөлісу: