65
Біз ұлы мұрат жолында.
* * *
Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.
Даналықты
сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
* * *
Тамылжып бал тыныштық айналамнан,
Тылсым түнге құшағын жайғап далам,
Мен жатырмын,
ұйқысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,
Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,
Оның өзі бір-ақ сот...
содан кейін,
Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен...
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды
еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
Аударған
Достарыңызбен бөлісу: