76
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде,
мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгеннің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі,
Атаның ұлы
жақсыға
Малыңды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсындағы
болған нартың қорлама,
Тұсындағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Айдын шүйсең - тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең - берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұшпанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұшпан артық-ты,
Дұшпаныңнан бір сақын.
Елі
ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке.
77
Жаман да келер бұ көпке.
Түгел іс қойып болмас бір кепке.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың,
мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұшпан - маған жау,
Керекті күні алдыңда
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!!
Достарыңызбен бөлісу: