I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет30/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

КЕТБҰҒА 
- Теңіз бастан бұлғанды, 
Кім тұндырар, а ханым?! 


72 
Терек түптен жығылды, 
Кім тұрғызар, а ханым?! 
- Теңіз бастан бұлғанса, 
Тұндырар ұлым Жошы-дүр! 
Терек түптен жығылса, 
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр! 
- Ақсақ құлан шошыған, 
Таудан төмен жосыған. 
Балаң өлді - Жошы хан! 
Нанбайсың ба осыған?! 
Арымайтын семіз жоқ, 
Құрымайтын теңіз жоқ! 
Құрымайтын теңіз жоқ, 
Өзіңе берсін денсаулық! 
- Құлынын алған құландай 
Құлынымнан айырылдым! 
Айырылысқан аққудай 
Ер ұлымнан айырылдым! 
ҚАЗТУҒАН 
Алаң да алаң, алаң жұрт, 
Ақ ала ордам қонған жұрт, 
Атамыз біздің бұ Сүйініш 
Күйеу болып барған жұрт, 
Анамыз біздің Бозтуған 
Келіншек болып түскен жұрт, 
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, 
Кіндігімді кескен жұрт, 
Кір-қоңымды жуған жұрт, 
Қарағайдан садақ будырып, 
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, 
Жанға сақтау болған жұрт. 
Салп-салпыншақ анау үш өзен, 
Салуалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер, 
Жатып қалың бір тоқты 
Жайылып - мың қой болған жер! 
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең, 
Жары менен сайы тең, 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай, 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 


73 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас. 
Қайран менің Еділім, 
Мен салмадым, сен салдың! 
Қайырлы болсын сіздерге 
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет