67
Қасиетті Түркістан топырағында туып, күллі Күншығыс елдері мұсылмандарының рухани көсеміне айналған Қожа Ахмет Иасауи бала кезінде ұстазы Арыстан бабтан сабақ алады, кейін Бұхара қаласындағы Хамадани медресесінде оқиды. Мұны бітірген соң, өзі де сол білім ордасында шәкірт тәрбиелеген. Одан әрі қарай сопылық жолдың ащы-тұщысын татып, жеті ыңылым жерлерді аралаған сапары басталады. Он жеті жасында туған мекеніне оралған ол Иасыға келіп қоныс тепкен. Алпыс үш жасында қылуетке түсіп, пәни дүниеден өз еркімен оқшауланып, әлемнің ақиқат сырына оймен үңіледі. Сонда дүние салған. Оның басына 1397 жылы Әмір Темір Көрегеннің жарлығымен зәулім ескерткіш кесене орнатылды. Қожа Ахметтің ақындығын төрткүл дүниеге танытқан ұлы шығармасы - "Диуани хикмет " ("Даналық кітабы "). Бұл жырлар XII ғасырда оғыз-қыпшақ тілінде жазылған түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасы саналады.