66
Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте.
Бұл екеуі [Алланың] таңдаулы құлдарын биікке шығарады.
* * *
Ақыл қайда болса, ұлықтық (сонда) болады.
* * *
Ақылды ұғады, білімді біледі.
Білімді, ұғымды тілегіне жетеді.
* * *
Білімсіз кісілердің барлығы - ауру,
Ауруды емдемесе, адам тез өледі.
* * *
Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген,
Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше (сый-құрметке бөленген]
* * *
Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл
Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл
* * *
Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді.
Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады.
* * *
Мені тіл аса көп азапқа салды,
Басым кесілмес үшін тілімді кесейін.
* * *
Сөзіңді күзет, басың кетпесін.
Тіліңді күзет, тісің сынбасын.
* * *
Сен өзіңе есендік қаласаң,
Керегі жоқ сөзді тіліңнен шығарма.
* * *
Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады,
Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді.
* * *
Мың сөздің түйінін бір сөзбен шеш.
* * *
Жігіттік кетеді, тіршілік өшеді,
Бұл түс сияқты дүниеден өзің көзді ашып-жұмғанша көшесің.
Достарыңызбен бөлісу: