А. Қайбарұлы, Б. Бопайұлы. Қазақ ырымдары. Казахские поверья. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. 3-72-б. ДАЛА ДАНАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ АЙШЫҚТАР ҚОРҚЫТ АТА
61
Қорқыт Ата жырлары Сыр бойы оғыз-қыпшақтарының айтуымен VII- VIII ғасырларда- ақ ауызша таралған. Кейінірек хатқа түскен "Қорқыт Ата кітабының" 12 жырдан тұратын нұсқасы 1815 жылы Дрезден кітапханасынан табылған. Қорқыт айтқан нақыл сөздер қазақ мақал-мәтелдерінде, жекелеген жырларының тіркестері кейінгі қазақ жырауларының толғауларында сол қалпында сақталған. Сондай-ақ көптеген оқиғалары, айтылатын кейіпкерлері қазақ жыр, ертегілерінде кездеседі. Қорқыт Ата халқымыздың жыраулық, бақсылық, күй өнерінің атасы болып есептеледі.