70
Егер фазылыңменен сұрасаң,
Ғафу етсең [күнәмнан] құтыламын.
Ал
егер әділшілікпен сұрасаң,
Мен күнәмді қайда қоямын?
Дүниені қуалап жүруші едім,
Жаратушы неге деген құлшылығымды тастап
Осы адасқанымды жөн біліп.
Мен күнәмді қайда қоямын?
Денемнен киімімді сыпырып алғанда,
Өлігімді тақтаға салғанда,
Басымнан суды құйғанда,
Мен күнәмді қайда қоямын?
Алла саған сиынамын.
Дереу шапағат
қылмасаң,
Мен күнәмді қайда қоямын?
* * *
Жан-тәніммен жинадым
Бүл дүниеде мал-мүлікті.
Ол мал-мүліктің ақыр соңы
Ойран екенін білмедім.
Жиһаз, [тәтті] тағам іздедім,
Сауық-сайран, жан тыныштық жолында.
Әттең, бүл істердің бәрі
Шектеулі екенін білмедім.
Білместігімнен мен оны
Айлап, жылдап іздедім.
Тынбай, шаршамай,
Жылдам жүгірдім, пай-пай!
"Қап" дегізетін [жалғаншыға] өмірімді
Зая жұмсаппын, ойбай!
Қапы қалған басымның
Надан екенін білмедім.
Дүниенің мал-мүлкіне
Көңіл бөлген надан екен.
Оңбағандық пен пасықтықты
істеген
Пірғауын мен һаман екен.
Рақат дүние дегеніңіз
Жан мен тәннің апаты екен.
Оның бауы мен бағы
Зындан екенін білмедім.
Салтанат, құрметпенен
Әр
жерге барғаным, келгенім,
Хан, сұлтан, шонжарлардың
Алдында жүгіріп, желгенім,
Лауазымды
залымдар әр сәт
Адал, әділ дегенім,
Бұтқа табынғанмен
Тең екенін білмедім.
Әуейі нәпсі үшін
Күні-түні жанымды қинағаным,
71
неше түрлі жиһазды
Жар салып жүріп жинағаным,
Осынша жылдар
жеп-ішіп,
Сауық-сайран, жан тыныштық қылғаным,
Баршасының азғырушы
Шайтан екенін білмедім.
Дүние мені алдады,
Қызылды-жасылды жадысымен.
Жезөкшелер сияқты
Ерлерді сиқырлап аздыратын.
Маған уәде берді
Алтын, күміс, малыменен.
Оның барлық уәдесі
Жалған екенін білмедім.
Мешіттің жолын тастап,
Пасықханаға барғаным,
Данышпаннан қашып,
Наданға дос болғаным,
Дін ісін кейінге қалдырып,
Дүние үшін жаным салғаным,
Дін ислам ісіне
Нұқсан екенін білмедім.
Қанша пікір
етсең дағы
Өлімге жоқ еш лаж.
Барша туар өлмек үшін
Өлімге жоқ еш лаж.
Жаһанда қанша жан болса,
Барлығы бұған қайран қалады.
Патша да, кедей де (жермен) жексен болады.
Өлімге жоқ еш лаж.
Пайғамбар келеді, өмір сүреді,
Дүниеден көшеді.
Жан шырағын өшіреді.
Өлімге жоқ еш лаж.
Қорғаны қат-қат темірден
Дарбазасы болаттан болса да,
Баршасын жайпап өтеді.
Өлімге жоқ еш лаж.
Өлім қанатыңды қайырар.
Туысқан-туғаныңнан айырар.
Ақырғы ісің осындай болар.
Өлімге жоқ еш лаж.
Бейшара кедей Шамшаддин
Тобаға келіп жыла.
Тұр орныңнан! Беліңді байла!
Өлімге жоқ еш лаж.
Достарыңызбен бөлісу: