Орындаған: Борашева Дариға, 10Ә
Өзіндік жұмыс
1 – тапсырма
1.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі оқиға немен аяқталады?
Ж: А) Тұлпары Қыпшақбоз өлгенде құрмет көрсетілуімен.
2. Тасқұлдың Кенжебекті құтқаруына не себеп болды?
Ж: С) Өзінің тағдырын қайталамауын қалады.
3. Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасындағы профессорға
қатысты ақпараттарды анықтаңыз.
Ж: D) Ғалым, мейірімді, парасатты, көздер дүниесін басқарушы, Сәуле деген
ассистенті бар.
4. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңіндегі ұлттық
құндылық көрінісін көрсетіңіз.
Ж: В) Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін...
5. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясына сәйкес келетін
мақалды көрсетіңіз.
Ж: С) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2 – тапсырма
Туған жердей жер болмас...
Эссе
Туған жер-туылып, кіндік қаны тамған, топырағына аунап өскен әрбір адам үшін өмірінде маңызды рөл атқаратын, егер қандай да бір алысқа ұзай қалса туған жеріне тартып тұратын естеліктерге толы, ерекше сезімге бай мекен болары сөзсіз. Кез келген адамнан балалық шағы туралы сұрасаң, балалықтың тәтті естеліктерінің туған жерімен байланысты екені анық.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол демекші, Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өлеңінде қаншама атақ-даңққа ие болсаңда туған жерге ештеңенің жете алмайтындығын, әрі ел болып қалуымыз үшін, бірлігімізді сақтаудың өте маңызды екендігін жырлайды. Туған жер тақырыбын жырлайтын тағы бір шығармаға "Шашты" әңгімесін жатқыза аламыз. Сол шығармада Тасқұлдың туған жеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі өте үлкен.
Менің ойымша, осы екі шығарма бізді өз туған жеріне, өз Отанына сүйіспеншілік, құрмет және патриот болу сезімдерін оятады. Туған жердей жер болмас. Туған жерде бізге әрбір тасы да таныс. Сондықтан, біз қай жерде болмасын біздің сәтті бала күндеріміз қай жерде өткенін ұмытпауымыз керек. Туған жер әрқашан да біз үшін ерекше жер.
(156 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |