23
Қазақтың бүкіл салт-сана, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінің, ырымдарының бастау бұлағы
Көк Тәңірге, Көк Аспанға, табиғатқа табынған қадым замандарда жатқанына шүбәсіз
иланамыз.
"ЬІрым, - дейді Шоқан, - әдет-ғүрыптың бір түрі. Шаман дінінде осы әдетті сақтау
шамандықтың бетін қайтарады. Ал ырымды бұзу адамға қайғы-қасірет әкеледі. Бір сөзбен
айтқанда, еуропалықтар осындай ырымды діндарлық, соқыр наным дейді, ал осы салт-
сана шамандық сенімдегі дәстүрлі әдет-ғұрыптың құрамдас бөлігі. Ырым халықпен бірге
көптеп жасап келе жатқан әдет-ғүрып болып саналады, ал аян, лепес, жақсылық нышаны
ретінде де жасалады. Мысалы, әйелі үнемі қыз тауып, ұл көрмей жүргендер, игі ниетпен
ең соңғы қызына Ұлтуған деген ат қояды. Майкөт деп те атайды, артынан ұл туса екен
деп". (Ш.Уәлиханов, "Таңдамалы", Алматы, "Жазушы", 1985).
Бүгінгі күнге қазақ ырымдарының ғасырлар көшінде әбден сана сүзгісінен өтіп, ешқандай
күмән туғызбайтын, наным-сенімге әбден берік ұялаған түрлері ғана жеткенге ұқсайды.
Бірақ ғылыми бағасын алып, толық елеп-екшеуден өткізілмегендіктен де бір ізге, жүйеге
түсірілген жоқ. "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп ғұмыр
кешкен ата-бабамыздың тіршілікте ұстанған позициясы, көзқарасы арман - аңсары да осы
ырымдарында терең жасырынып жатқан тәрізді. Бұған жан-жақты ғылыми талдаулар
жасалатынына үміт артамыз.
Достарыңызбен бөлісу: