I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет22/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Дерсе хан ұлы Бұқаш хан 
туралы жырдан үзінді 
Жаздың салқын самалы, 
Таң сәріден соққанда, 
Қаба сақал бозторғай 
Тамақ іздеп даладан 
Әндеріне басқанда: 
Белдеуде тұрған бедеулер 
Бірімен-бірі тілдесіп, 
Кісінесіп жатқанда; 
Бал арасы - ұзын мұрт 
Ызыңдап ұшып ұядан, 
Өрісіне шыққанда; 
Ақ пен қара білініп, 
Таң сазарып атқанда;
Қыз-қырқындар оянып, 
Қыналап бетін боянып, 
Сыбырласып, күлісіп, 
Қызыққа әбден батқанда, 
Биік таулар басынан 
Күннің көзі көрініп, 
Сай мен сала керіліп, 
Сылдырап сулар аққанда; 
Оғыздардың жастары 
Күреспекке қамданып, 
Қыр басына тартқанда; 
Қырық жігітін қасына ап, 
Арғымағын қамшылап, 
Аңға шықты Дирсе хан. 
* * * 
О, Дирсе хан, Дирсе хан, 
Хан әкемнің күйеуі ең, 
Ханым - ана тілеуі ең, 
Атам мен анам қосқан соң, 
От басының тіреуі ең. 
Атадан туған тақ едің, 
Мен өзіңе жақ едім, 
Аман-есен келдің бе? 
Қара жал қаба айғырға, 
Таңертеңмен ер салып. 
Аңға шықтың қамданып, 


62 
Тауларды кездің таңғалып
Екеу едің кеткенде. 
Жалғыз келдің жеткенде. 
Жалғыз ұлым бар еді, 
Қараңғы мынау дүниені, 
Жарық еткен шам еді. 
Сол балам қайда, көрдің бе? 
Ақ сүтімді аялап, 
Одан басқа емген бе? 
Алдымнан неге шықпайды? 
Көзім неге шықпайды? 
Асыл туған ақ денем 
Жылан келіп шаққандай, 
Ішім от боп жанады.
Жүрегі құрғыр суынып, 
Мазамды неге алады? 
Өмірде көрген жалғызым, 
Тауға біткен жалбызым. 
Көрінбейді көзіме, 
Құлағың сал сөзіме: 
Жалғызым жарық көргенде
Қуарып жатқан қу дала 
Ығысып аққан сел болды, 
Қымыз деген сел болды, 
Ет дегенің бел болды, 
Дәруіштер беріп батасын. 
Аш-жалаңаш бай болды, 
Көп зарығып көрген соң, 
Көңілім менің жай болды. 
Жалғызым жайын білдің бе? 
Таудан құлап кетті ме? 
Ажалы судан жетті ме? 
әлде арыстан, жолбарыс 
Жемтік етіп жеді ме? 
Гәуірлерге
1
тұтқын боп, 
Зынданда күні өтті ме? 
Қасы-көзі қиылып, 
Жатырмысың, құлыным? 
Аш көзіңді бір мезгіл, 
Кеудеңде болса шыбының? 
Он екі мүшең мұз болып, 
Тынды ма аққан бұлағың? 
Тәтті өмірің үзіліп, 
Сөнді ме жанған шырағың? 
Көзіңнен нұрың кетпепті, 
Тірідейсің сен маған 
Тал отындай шытынап, 
Жанып келді сорлы анаң. 
1
Гәуір - 
кафир (кәпір) деген сөз. Түркі тайпалары солай атаған.


63 
Тірлігіңді білдіріп, 
Жауап берші, жан балам. 
Құрбандық болдым өзіңнен, 
Айналайын көзіңнен, 
Сенсіз маған күн қараң. 
Ағысыңды қалың су
Гүлденіп өспей, қурап қал, 
Адыра қалған қалың ну, 
Маралдар қатып тас болсын. 
Жүгіріп тауда жарысқан. 
Баламды кім өлтірген? 
Жолбарыс яки арыстан? 
Мұндай халге қалайша 
Душар болдың, жан балам? 
Жолыңа басын құрбан ғып, 
Қасыңа келді сорлы анаң. 
Тіл шығаршы тебіреніп, 
Қуансын анаң аңыраған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет