93
Кешегі
Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Басушы едім құлаштай.
Жәбір беріп,
жала етсең,
Былғанған басым ласқа-ай!
Мен бір
шарға ұстаған қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса, тағы жетілдім.
Көрмес,
келмес деп едім
Өз еркіммен бетіңді-ай!
Есігіңнің алдына
Ұрмай,
соқпай келтірдің
(Арманың бар ма Құдайға)
Мынау Махамбет сынды "жетімді"-ай!
VI
Ханнан кегім
ала алмай,
Арқаның алыс екі
саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың,
Арбадың да қалмадың.
Қайрат қылар ер
біз болсақ,
Заманымда болған "сұлтаным",
Бізді жіпсіз байладың.
VII
Еділ мен Жайық
жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға
Жағасы қорған жай еді-ау.
Жай-қоныстан айырылып,
Мен - бір қаңғып жүрген қараша.
Қайта-қайта іздетіп,
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!
Достарыңызбен бөлісу: